"Жап аузыңды, бл*дь": "Жанұя" жетімдер үйіндегі жантүршігерлік видео желіге тарап кетті (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жап аузыңды, бл*дь": "Жанұя" жетімдер үйіндегі жантүршігерлік видео желіге тарап кетті (видео)

"Жап аузыңды, бл*дь": "Жанұя" жетімдер үйіндегі жантүршігерлік видео желіге тарап кетті (видео)

Бейнежазбаны жүйкесі жұқа адамдар көрмегені дұрыс.

  • 15 Қыркүйек 2021
  • 8262
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнежазба Алматыдағы "Жанұя" жетімдерге арналған мамандандырылған кешенде түсірілген деген дерек бар. Бірақ, оқиға дәл қашан болғаны белгісіз.

Видеода көрініп тұрғандай, жетім қыз ол жерден кеткісі келіп, киімін сұрап тұр. Бірақ, тәрбиешілер де, ондағы балалар да оны жібермек емес. Не тәрбиеші, не сол жерде тәрбие алып жүрген қыз екені белгісіз, баланы қатты ұрып, балағаттап тұрғанын анық көруге болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ. Бейнежазбада балағат сөз бен зорлықтың белгілері бар.

 


"ЖАНҰЯ" ЖЕТІМ БАЛАЛАР ҮЙІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КЕШЕНІНДЕ БОЛҒАН ОҚИҒА. ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ШАПАЛАҚТАП ҰРЫП ЖАТЫР. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ.

Posted by Madina Zhatkanbaeva on Tuesday, September 14, 2021

Қызды ұрып-соғып жатқан жерде тәрбиеші де жүргенін көруге болады. Алайда, ол араша түсіп жатқан жоқ. Әлеуметтік желідегі халық жетім баланы ұрып-соғып жатқан қызды тез арада тауып, шара қолдану керек деген ызалы пікірлерін жазып жатыр.

Айта кетейік, "Жанұя" атты бұл кешен жетім, даму жүйесінде тежеуі бар балаларға арналған мамандандырылған кешен.