Дариға Назарбаева: «Жаһандық ақпараттық орта ұлттық және мәдени егемендікке айтарлықтай қауіп төндіреді» - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева: «Жаһандық ақпараттық орта ұлттық және мәдени егемендікке айтарлықтай қауіп төндіреді»

Дариға Назарбаева: «Жаһандық ақпараттық орта ұлттық және мәдени егемендікке айтарлықтай қауіп төндіреді»

Нұр-Сұлтанда XVII Еуразиялық медиафорум басталды. Күн тәртібінде қазіргі халықаралық саясат пен бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің өзекті мәселесі тұр. Алқалы жиын 16 қыркүйекте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған пленарлық сессиядан бастау алды.

  • 16 Қыркүйек 2021
  • 2438
Фото - Caravan.kz

Онлайн және офлайн форматта өтетін форумды Еуразиялық медиафорумның ұйымдастыру комитетінің Төрайымы, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева ашты.

Өз сөзінде ол биылғы жыл Қазақстан үшін ерекше мәнге ие екенін атады: «Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл бейбітшілік, жасампаздық, заманауи мемлекеттілік пен азаматтық қоғамның институттары құрылған жылдар».

Дариға Назарбаева қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы Елбасының рөлін ерекше атады: «Соңғы 30 жыл тұрақты саяси, әлеуметтік, экономикалық жүйе, саяси және азаматтық мәдениет қалыптаспаған дамушы әлемде даму траекториясы Мемлекет басшысының ерік-жігеріне, ұлт көшбасшысына өте қатты тәуелді екенін дәлелдеді. Бастапқы жағдайлар, табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады, бірақ ең бастысы көшбасшының тұлғасы, оның болашақ туралы көзқарасы, елдің әлемдегі орны маңызды».

— ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз қысқа тарихи кезеңде шынайы тәуелсіздікке, мемлекеттік егемендікке қол жеткізудің, толыққанды заманауи экономика мен қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік саланы құра білді, — деді форумның ұйымдастыру комитетінің Төрайымы .

Дариға Назарбаева тәуелсіз Қазақстанның қазіргі халықаралық саясаттағы, әсіресе, Орталық Азия өңіріндегі рөліне ерекше тоқталды: «Бүгінгі Қазақстан – әлемдік саясатта да, Орталық Азия өңірінде де белсенді позицияға ие сенімді мемлекет. Соңғы үш онжылдықта еліміз аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты әріптес ретінде әрекет етуде».

Бұқаралық ақпарат құралдарының, Интернеттің, әлеуметтік желілердің рөліне тоқталған Д.Назарбаева форумға қатысушылардың назарын «жаһандық ақпараттық орта ұлттық және мәдени егемендікке айтарлықтай қауіп төндіретініне» аударды.

«Төл тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз – бұлар мәңгілік құндылықтар. Бүгінде олардың қорғалуы мен дамуы аудиторияның назары мен сенімі үшін жаһандық бәсекелестік саласына ойысты. Қазіргі әлемде шынайы Тәуелсіздік пен Егемендік мемлекет мен ұлттардың бәсекеге қабілетті медиа контент жасай алу қабілеті деп сенемін. Әрине, бұл бәріміз үшін, Қазақстан үшін де заман талабы», — деді Д.Назарбаева.


Коронавирус пандемиясы және оның қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіне әсері — Д.Назарбаеваның баяндамасында қозғалған тағы бір өзекті тақырып: Пандемия халықаралық сенім мен диалог тетіктерінің үдерісін жеделдетті. Бұл ретте, Еуразиялық медиафорум сияқты алаңдардың рөлі зор.

— Біздің айтарымыз да, талқылайтын мәселеміз де бар, айырмашылықты емес, сындарлы өзара іс-қимыл үшін қиылысу нүктелерін іздеу керек, — деді форумды ұйымдастыру комитетінің Төрайымы.

2021 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында онлайн түрде өтетін XVII Еуразиялық Медиафорумға әлемдік және қазақстандық жетекші БАҚ өкілдері, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысады.

Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мемлекеттік Хатшысы Қырымбек Көшербаев және басқа да саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиында қазіргі геосаяси, әлеуметтік, идеологиялық сын-тегеуріндер, қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер, жаңа технологияларды дамыту, білім беру және т. б. толғауы терең мәселелер талқыға түседі.