Жыл басынан бері Алматы облысында 2 білім бөлім басшылары жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Алматы облысында 2 білім бөлім басшылары жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері Алматы облысында 2 білім бөлім басшылары жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев онлайн-кеңесте мәлімдеді.

  • 17 Қыркүйек 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың статистикасына сәйкес, есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық фактісімен анықталғандардың үштен бірі жергілікті атқарушы органдарға және оларға бағынысты мекемелерге тиесілі, оның 11-і білім беру саласында, – деді Ж.Жұмабаев.

Олардың арасында Қапшағай қаласы білім беру бөлімінің басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі негізде жеке кәсіпкерлердің есеп шоттарына олармен қызметтер көрсетуге және орта мектептерде жұмыс көлемдерін нақты орындауға шарттар жасаспай, жалпы сомасы 1 млн.теңгеден астам бюджеттік ақша қаражатын заңсыз аударғаны және жүйелі түрде пара алғаны үшін, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Сонымен қатар, Көксу ауданының білім беру бөлімінің басшысы білім беру мекемелеріне 9 дезинфекциялау тоннелін жеткізу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС директорынан 150 000 теңге сомасында пара алғаны үшін, жалпы, 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.


Ж.Жұмабаевтың айтуынша, облыста ағымдағы жылдың 8 айында 69 адам жемқорлық фактісі бойынша сотталды, оның ішінде 64 адам  116,9 млн.теңгеден астам сомаға айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 3 адам бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.