КешYou-дің экс-әншісі: "Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КешYou-дің экс-әншісі: "Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты"

КешYou-дің экс-әншісі: "Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты"

КешYou тобының экс-әншісі Элизат Берікова некесінің сәтсіз болғанын хабарлады. Ол күйеуімен ажырасудың алдында тұрғанын айтты.

  • 20 Қыркүйек 2021
  • 523
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты", — деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.

Элизат үшін уайымдаған оқырмандары оны сұрақтың астына алды. 
"Ажырастыңыз ба?" — деп сұрады көпшілік.

"Әзірге жоқ, бірақ жақында иә", — деп қысқа қайырды ол.


Берікова артқа қадам жасағысы келмейтінін кесіп айтты.

"Әзірге ішім бос. Басқа түк жоқ. Онымен бірге ма, жоқ па, бәрібір бақытты боламын. Бастысы, менің балаларым", — деп ақтарылды ол стористе.
Айта кетейік, Элизат Берікова 2018 жылы Жәнібек есімді азаматпен отбасын құрды. Екеуінің екі ұлы өсіп келеді.