Елімізде 5 мың тіркелмеген үй жалға берілген – ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 5 мың тіркелмеген үй жалға берілген – ІІМ

Елімізде 5 мың тіркелмеген үй жалға берілген – ІІМ

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тіркелмеген үйді жалға берудің 5 мыңға жуық фактісі белгілі болды.

  • 11 Қазан 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкіл Нұрділдә Ораз ведомствоның ақапарат алаңында өткен онлайн брифингте осылай деп мәлім етті.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігі мәселелерін зерделеуге және шешуге бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда.Учаскелік полиция инспекторлары халықпен танысу, атыс қаруының иелерін, органдарда есепте тұрған шетелдіктер мен азаматтарды тексеру үшін аулаларды және пәтерлерді аралап шығады», — деген министрдің кеңесшісі қыркүйек айында учаскелік инспекторлары 1,7 миллионға жуық пәтер мен жеке үйді, 130 мыңнан астам саяжай мен 33 мыңға жуық шаруа қожалығын, қыстақтар мен учаскелерді аралағанын атады.

«Жалға алынған 29 мыңнан астам пәтер тексеру нәтижесінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркелмеген үйді жалға берудің 5 мыңға жуық фактісі анықталды.


Азаматтық қарудың 92 мыңнан астам иесі тексерілді. Қаруды сақтау қағидаларын бұзудың 1,2 мыңға жуық фактісі есепке алынды.

Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері 200 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 3,5 мың ұсақ бұзақылық фактілерінің алдын алды. Тұрмыстық салада 4,3 мың, көші-қон саласында 30 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолын кесті», — дед министрліктің ресми өкілі.