"Қай бойдақ осындай қызға қарайды?": Блогер фигурасы "зың" қыздарға сілекей шұбыртатын жігіттер туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қай бойдақ осындай қызға қарайды?": Блогер фигурасы "зың" қыздарға сілекей шұбыртатын жігіттер туралы айтты

"Қай бойдақ осындай қызға қарайды?": Блогер фигурасы "зың" қыздарға сілекей шұбыртатын жігіттер туралы айтты

Әлеуметтік желі қолданушысы Самат Нұртаза нигериялық қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан ақтаулық қыз туралы өз ойын айтты. 

  • 14 Қазан 2021
  • 2782
Фото - Caravan.kz

Ол 30 жасқа келіп күйеуге тиген қазақ қызының әрекетін түсінуге болады деп бағалады. Бұл туралы желі белсендісі өз парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Әлеуметтік желіде мына қазақ қызды “өзге ұлтқа тұрмысқа шықтың!” деп айыптап жатыр екен. Комменттерді оқып отырып, “неткен екі жүзді қоғамбыз” деген ойға тоқталдым.

Ей, Құдайшылығын айтайықшы, қай бойдақ осындай қызға қарайды? Өз-өзімізді неге алдаймыз? Фейсбукта бәріміз ұлтжанашыры боламыз да, кешке кафеде фигурасы зыңдай қыздарға сілекейіміз ағып қараймыз. Сілекей таусылды уже …

Бұл қарындасымызды түсінуге болады. Өмірге реализммен қарады. Қазақтың жігіті қарамады, уақыт өтіп жатыр. Шетелдік азамат ұсыныс жасады. Қыз келісті. Ақылға жеңгізген, дұрыс шешім. Бақытты болсын!",- деп жазды Самат Нұртаза.

Бұл жазбаға қатысты оқырмандар түрлі пікір қалдырды:


"Жалпы "толық" қызды кім алады деу кішкене қисынсыздау. Өйткені түсінген адамға дене бітімі кемістік емес", "Адамның дене бітіміне, түріне қарап кемсіту адамгершілікке жатпайтындығын түсінбейтін қазақтар көп екен","Иә, қолдаймын кімге тисе де баққыты болсын" деген сыңайдағы пікірлер жазылған.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=4575343712528574&set=a.626547027408282