Ет, пияз, жұмыртка дәмінен жиіркену : постковид синдромы жайлы маман айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ет, пияз, жұмыртка дәмінен жиіркену : постковид синдромы жайлы маман айтып берді

Ет, пияз, жұмыртка дәмінен жиіркену : постковид синдромы жайлы маман айтып берді

Постковидті синдромының ұзақтығы мен салдары және нақты белгілері қалай болады?

  • 15 Қазан 2021
  • 80
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы тілшісіне Меди Сервис клиникасының 2 санатты терапевті Батаева Толкын айтып берді.

— Постковид синдромы дегеніміз не?

— Постковтық синдром немесе Long Covid, коронавируспен ауырған адамдарда пайда болатын симптомдық жиынтық.

— Бұл синдром қайдан пайда болады?

— Коронавирустан кейін пайда болады. Алайда, постковид коронавируспен ауырған барлық адамдарда бола бермейді. Постковид Covid-19-дан жазылғаннан кейін немесе вируспен ауырған кезінде пайда болады. Симптомдар біраз уақыттан кейін өзгеріп, қайта пайда болуы мүмкін. Шамамен ауырғандардың 20%-да постковидті синдром болады.  

— Постковидтің симптомдары қандай болады?

— Постковидті синдромда дене температурасының шамалы жоғарылауы, құрғақ жөтел, асқазан-ішек жолдың, психиканың бұзылуы әлсіздік, апатия, дүрбелең шабуылдары, аносмия, кеуде ауыруы ,бұлшықет ауыруы сияқты белгілер жиі кездеседі. Және де есте сақтау проблемалары туындауы мүмкін.

— Постковидті синдром қанша уақытқа созылады?

— Бірнеше аптадан бірнеше айға дейін. Постковидті синдром, әдетте, covid-19 басталғаннан кейін үш айдан кейін пайда болады.


— Бұл адам ағзасының жұмысына әсер ете ме? Салдары болады ма?

— Коронавирустық инфекциядан кейін денені қалпына келтіруге бағытталған оңалту өте маңызды.  Көбінесе постковтық синдром салдарсыз өтеді, бірақ бәрі адам ағзасына байланысты.

— Постковидтің алғашқы белгілерінде не істеу керек? (ПТР тапсыру, дәрігерге бару және т.б.)

-Жоқ, ПТР-ды, антиденелерды тапсырудың қажеті жоқ. Терапевтпен байланысып, әрі қарай оңалту жоспарын бірге жасау керек.

— Постковид емделеді ме?

-Тек уақытпен емделеді. Денені қалпына келтіруге болады. Бірақ осы уақытқа дейін ешкім нақты емін айта алмайды.

— Постковидтің белгілерінің бірі-ет, жұмыртқа пияздың иісі мен дәмін ұнатпау. Оның себебі неде?

Бұл сұраққа нақты жауап жоқ . Темір тапшылығы анемия кезінде иістерге сезімталдық байқалады. Мүмкін, постковид осыған әсер етіп, сезімталдылықты күшейтетін шығар.