Айнур Смаил: Би өнері - халықтар достығының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін  құрметтеуге тәрбиелейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнур Смаил: Би өнері - халықтар достығының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін  құрметтеуге тәрбиелейді

Айнур Смаил: Би өнері - халықтар достығының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін  құрметтеуге тәрбиелейді

Балалар шығармашылығында ең көп таралған өнердің бір түрі – би өнері. 

  • 21 Қазан 2021
  • 708
Фото - Caravan.kz

«Би деген сөздің өзі — шексіз аңыз» дейді әлемдік жарыстарда елімізді танытып жүрген би тобының жетекшісі Айнур Смаил  Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында.

— Айнур ханым! Ұстаздық жолыңызда өзіңізді қалай сипаттар едіңіз? Бұл салаға келуіңіз жайлы айтсаңыз…

— Би өнерін бала күнімнен жақсы көрдім. Жақсы көруімнің де себебі, анамның ықпалы деп ойлаймын. Себебі, анам мың бұралған биші.  

Мен КНР Синьцзян Өнер институтын Балет және Әлем Халық билері мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек өтілім 34 жыл. Би өнерінде 2006 жылдан бастап шәкірт тәрбиелеп жүрмін.

 
Ұстаз ретінде өзімнің білімімді жетілдіріп тұрамын. Ұдайы ізденісте жүргенді жақсы көремін. Ол менің табиғатымнан, яғни, болмысымнан деп білемін.
 

Суретте: Алматы қаласы КҚМК №6 Оқушылар үйі, Клуб ЮНЕСКО Қосымша білім беру мұғалімі, «Әлем халықтар биін» үйрететін «Жұлдызай» би үйірмесінің жетекшісі Айнур Смаил шәкірттерімен

Оқушыларды үлкен табыстарға, жетістіктерге жеткізу – қажырлы еңбектің жемісі. Бұл жерде ең маңыздысы – мұғалім әбден өз ісіне берілген маман болуы керек. Сонда ғана, ұстаздың тәрбиесі мен білімі шәкірттеріне сіңімді болады, үлкен нәтиже шығады. Би өнерінің қыр-сырын үйретуге талмай еңбек етіп, жас жеткіншектердің бойына сіңіруге зор үлес қосып, шығармашылығын дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігімді тигізіп жүргеніме қуанамын және ауыз толтырып мақтана айта аламын!

— Осы аталған «Жұлдызай» би тобы жайлы тоқталсаңыз. Халықаралық деңгейден көріндіңіздер ме?

— Менің би үйірмем «Әлем халықтарының биі» бағдарламасымен жұмыс жасайды. Бұл би үйірмесін тәмәмдаған жасөспірімдер ары қарай өз оқуларын жалғастыруда. Мың бұралған шәкірттерім өте көп. Және біз өте үлкен биік белестерді бағындырдық.

«Жұлдызай» би тобы аудандық, қалалық, республикалық және де халықаралық жарыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қоса, аталмыш би тобым дәстүрлі «Мейірім» балалар шығармашылығы фестивалінің тұрақты қатысушысы.

 

Соңғы бес жылдықтағы шәкірттерімнің жетістіктерін атап өтер болсам:

— Халықаралық «На крыльях мечты» фестивалінен алғыс хат ІІ орын иегері (2015жыл)

— Diploma Ensemble Danses of the World «Zhuldyzay» Nomination Modern dance Age category junior A (Италия) 2016 жыл

— «Еңсесі биік 25 жыл» атты Республикалық ән байқауында І және ІІ орын иегері (2016 жыл)

— «Сырым бар жүрегімде» Республикалық көркем сөз, ән-би байқауының лауреаттары. І және ІІ дәрежелі диплом (2017жыл, 2018 жыл)

— «Қош келдің әз- Наурыз» республикалық байқауы. І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом (2015 жыл)

— «Ақ мамам» атты ән-күй қалалық байқауында І дәрежелі диплом (2015 жыл)


— «Республикалық «Самға самұрық» байқауында бас жүлде иегері (2019 жыл)

«Жұлдызай» би ансамблі мүшелерінің жетістіктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп жүр.

2019 жылы сәуір айында «Хабар» телеарнасы түсірген қайырымдылық қорының концертіне қатысты.

— Сіздің еңбегіңіз бағаланды ма? Қандай марапаттарыңыз бар? Еңбегі тысқары қалып, еленбей қалған ұстаздың қатарынан емессіз бе?

— Сұрағыңыз өте орынды. Дұрыс айтасыз. Еңбегі бағаланбай жататын ұстаздар да жетерлік. Бірақ, мен шәкірттерім де, өзім де биік белестерден көрініп, жоғары бағаландық деп мақтанамын және шексіз қуанамын.

Бұл ұстаздың да, шәкірттердің де тынбай еңбек еткенінің ғана жемісі мен жеңісі дегім келеді.

«Жұлдызай» би ансамблінің жетістіктерін ескере отырып, ұйымдастырушылар менің де еңбегімнің бағасын бере білді.

Суретте: Айнұр Исмайл Роза Рымбаевамен бірге
Суретте: Айнур Смаил Роза Рымбаевамен бірге
 
Суретте: Айнұр Исмайл Роза Бағлановамен бірге
Суретте: Айнур Смаил Роза Бағлановамен бірге

— «На крыльях мечты» Халықаралық фестивалінен алғыс хат және сертификат;

— «Еңсесі биік 25 жыл» атты Республикалық ән байқауынан алғыс хат;

— Diploma Ensemble Danses of the World «Zhuldyzay» Nomination Modern dance Age category junior A (Италия) байқауынан алғыс хат;

— Республикалық «Жас дарын» балалар шығармашылық орталығынан «Үздік ұстаз» сертификаты;

— Талдықорған қаласы: А. Құнанбаев «Мәңгілік ел алыптары» Республикалық патриоттық байқауында «Үздік көш басшы педагог» төс белгісі (2022 жыл);

— Алматы, Асылым енер білім орталығы «А. Құнанбаевтын 175 жылдыгына орай Ғылым таппай мақтанба конкурс» бойынша педагогика саласынынуздiк кызметкерi төс белгiсi (2020 ж);

— Республикалык «Жас дарын» орталыгынын ұйымдастыруымен «Ұлы Дала Ұстазы 2020» атты қашықтықтан өткiзiлген республикалык байқауда «Үздік ашық сабақ аталымы бойынша диплом I орын, сертификат (2020 ж) медаль «Үздік Ұстаз».

— Республикалық ұстаздар конкурс «Үздiк педагог 2020 атылымы бойынша диплом «Үздiк педогог»; 

— Өскелең ұрпаққа айтарыңыз…

— Жас ұрпақтан бұрын, әрбір ата-анаға айтарым бар! Әр бала өз қалауымен кәсіпті таңдауы керек. Зорлық мүлдем дұрыс емес. Бала – біздің болашағымыз. Баланы жастайынан жеке тұлға деп қарап, таңдауды еркіне берген жөн! Өз еркі дегенім, баланы қараусыз қалдыру емес. Ақылдаса отырып, таңдау мен қалау еркін ортаға салу. Баланы ұдайы бақылау арқылы, дұрыс бағыт бере білу.

Ал, жас ұрпаққа жалынды, білімді, жігерлі бол деген үш ауыз сөзбен нық мотивация бергім келеді.

Қазақ елінің болашағы сендердің қолдарыңда! Тек биік белестерден көрініңдер!

— Сұхбатыңызға көп рахмет! Алар асуларыңыз көп болсын!