"Рухани жаңғыру" бағдарламасы іске асса 30 емес, 10 елдің қатарына кіре аламыз - Жасмин Асқарқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы іске асса 30 емес, 10 елдің қатарына кіре аламыз - Жасмин Асқарқызы

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы іске асса 30 емес, 10 елдің қатарына кіре аламыз - Жасмин Асқарқызы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне біршама уақыт болды.

  • 21 Қазан 2021
  • 1866
Фото - Caravan.kz

Аталған мақалада Тұңғыш Президент «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп жазған еді.

Қазіргі  таңда дамыған елдердің қатарына ену үшін елімізде қандай жұмыстар атқарылуда, әсіресе қоғам белсенділері жалынды жастарымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында нендей жұмыстарды тындырып жатыр?

Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде Caravan.kz порталының тілшісі Шымкент қаласы, Жастар маслихатының депутаты Жасмин Асқарқызымен тілдесті.

— Өзіңізді толық таныстырып өтсеңіз…

— Мен, Жасмин Асқарқызы Шымкент қаласы, “Жастар маслихатының депутаты”, Шымкент қаласы Еріктілер корпусының президенті боламын. Жалпы мамандығым — заңгер. Заң ғылымдарының магистрімін. Қазіргі таңда қоғамдық жұмыстармен айналысудамын. Елге бір пайдам тисе екен деп жүрген жастардың бірімін.

— Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?

— Жалпы елімізде “Болашақа бағдар Рухани жаңғыру” бағдарламасының жарық көргеніне де біраз уақыт болды. Ол аралықта еліміздің түкпір-түкпірінде  осы жобаны насихаттап халқымыздың рухын жаңығырттық. Осы бағдарлама аясында көптенен іс-шараларда болып өтті. Оның арасында жастарымыздың арасында да бұл дүниені насихаттау қалып қойған жоқ. 100% жүзеге асырылды. Бағдарламадағы бағыттар бойынша көптеген жұмыстар жасалынды. Дегенмен де соңғы екі жыл ішінде пандемия кезінде көбінесе іс-шаралар болмаған соң, онлайн форматта болды. Есесіне бізде онлайн мүшәйралар, ән, би, өлең деген сияқты жарыстар өткізілді. Қазіргі таңда “100 жаңа есім” жобасы болды. Жастар оған қатысып өздерінің тәжірибелерін арттырды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында “Рухани жаңғыру штабы” бар. Сол штабтың жетекшісі Зауре Оралбаевамен қазіргі таңда тың жобалар ойластырып, оны жүзеге асыруға тырысып жатырмыз. Болашақта жастардың рухын көтеруге арналған идеялар, жобалар өте көп болады бұйыртса.

Осы жылдың басында “Жыл магистранты” деген “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 100 жаңа есім жобасы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өтті. Универ ішінде ең мықты ұстаз, ең мықты магистрант, ең мықты жетекші деген сайыстар өтті. Сол кезде мен “ең үздік магистрант” номинациясын алдым. 100 жаңа есімге ендім. Осы сияқты жоба аясында түрлі кітап көрмелері, түрлі спектакльдерге барып рухымызды жаңғыртып сол бағытты насихаттау жұмыстарын жүргіздік. Пандемия кезінде онлайн форматта болды ғой. Енді біз басқаша форматта дайындалып жатырмыз.

— Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

— Алдағы жоспарымыз қаламыздың жастарымен “Рухани жаңғыру бағдарламасы” аясында жеке пункттерін насихаттап жұмыс жасау. Елбасымыз жобаны жасаған кезде әр бағытқа ерекше көңіл бөліп, сол дүниенің бәрін жасағанда еліміздің рухани жаңғырып, бәсекелестікке дайын болуы, ұлттық кодты сақтап, салт- дәстүрімізді дәріптеп яғни ұлтымызды жаңғыртатын, ұлтымыздың қазақ екенін білдірту үшін осындай жобаларды меңзеді. Яғни біздің қазіргі мақсатымыз сол жастардың арасында елімізді көркейтуге, рухымызды көтеруге жұмыстарды бағыттаймыз. Ұлттың рухы басты рөлді ойнайды. Ұлттың рухы биік болса бізді ешкім жеңе алмайды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры бұданда биік болады. Кері ағымға кетпейтін боламыз.  Қиындықтарға сынбайтын боламыз. Рухани құндылықтарды басты назарға қоюымыз керек. Адамның бойындағы қасиеттері елімен ұштасады. Салт-дәстүріміз өте көп. Соларды насихаттауымыз керек. Қазір керек емес пайдасыз нәрселер көбейіп кетті, сол себепті насихаттауды барынша күшейткеніміз дұрыс деп айтар едім. Тарихымызға үңіліп, ата-бабамыздың қандай ұлы тұлғалар болғанын көріп, сол дүниелерді насихаттамауымыз бізге сын болады. Біздің ұлт сияқты мықты ұлт әлемде кемде-кем. Сондықтан біз бүкіл әлемді мойындатуға қауқарымыз жетеді деп сенемін.

— Еліміз дамыған 30 ел қатарына кіру үшін сіздің ойыңызша тағы қандай жұмыстар атқарылу керек?

— Еліміз дамыған елдердің қатарына кіруі үшін менің ойымша елбасымыздың, ұлы ғұлама-ғалымдарымыздың айтып кеткен қымбат құндылықтарын, ұлттық кодты, ұлттық санасыy жоғалтпай осы “Рухани жаңғыру бағдарламасы” жобасында айтады ғой 30 елдің қатарын кіру үшін біз бәсекеге қабілетті болуымыз керек деген. Жобада айтылғандардың бәрін жасайтын болсақ, іс-әрекеттеріміз соған сәйкес болатын болса. онда біз 30 емес тіпті дамыған 10 елдердің қатарына да кіре аламыз. Ол мүмкін, ол болады. Егер бір сеніп, барлығымыз бірігіп, еңбекпен адал іспен, жаңашылдықпен ұлттық құндылықты ұштастыра отырып жұмыс жасасақ, алға қарай ұмтылсақ бізде алынбайтын қамал болмас еді. Әрқашан жетісітікке жетуге бізде толыққанды мүмкіндік болады. Біз міндетті түрде жеңіске жететін боламыз

— Өзіңіз сияқты жастарға айтарыңыз бар ма?!

— Елбасымыз айтқандай: "Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек деп ойлаймын."