Әлем чемпионатында қазақстандық боксшының жекпе-жегінен кейін күтпеген жағдай болды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионатында қазақстандық боксшының жекпе-жегінен кейін күтпеген жағдай болды

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшының жекпе-жегінен кейін күтпеген жағдай болды

 

  • 26 Қазан 2021
  • 948
Фото - Caravan.kz

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Серік Теміржановтың жекпе-жегінен кейін күтпеген жайт болды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Жеңімпаз белгілі болған кезде Теміржановтың бұрышы аталып, бірақ жеңілген қарсылас, Азияның қазіргі чемпионы моңғол Энх-Амара Хархуудың есімі аталған.

"Аздап уайымдауға тура келді, бірақ, әрине, қазақстандық өтті", — деп жазды басылым.


23 жастағы Теміржановтың келесі қарсыласы 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы — жапон боксшысы Рейто Цуцуми болмақ.

Еске салайық, Серік Теміржанов 2020 жылғы Токиода өткен Олимпиаданың 1/8 финалында жеңіліп қалған болатын. Қазақстан құрамасының жекпе-жек кестесін мына жерден көруге болады.