Елбасы Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты

Елбасы Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

  • 26 Қазан 2021
  • 993
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Elbasy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Саналы ғұмырын басыбүтін ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған Серік Смайылұлы отандық әдебиеттану саласын дамытуға қомақты үлесін қосқан ірі ғалым болатын. Ол өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап орта мектепке арналған оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазу және жетілдіру ісіне аянбай атсалысқан зор парасат иесі, ұлағатты ұстаз еді.

Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы қайраткерлігімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, соңына көптеген мәнді ғылыми зерттеулері мен ізбасар шәкірттерін қалдырды», – делінген жеделхатта.


Елбасы Серік Смайылұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына  сенім білдірді.