"Мейлі айғайла, мейлі ойбайла. Жаңа платформа аламыз", - Ербол Мәндібек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мейлі айғайла, мейлі ойбайла. Жаңа платформа аламыз", - Ербол Мәндібек

"Мейлі айғайла, мейлі ойбайла. Жаңа платформа аламыз", - Ербол Мәндібек

Журналист Ербол Мәндібек Сбер платформасы туралы өз ойын айтты.

  • 27 Қазан 2021
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мейлі айғайла, мейлі ойбайла. Жаңа платформа аламыз.

Бірақ, қалай қолданамыз? Мұның қатпар-қатпар тұсы бар.

1. E gov-400 дерек қорынан тұратын құрамалы құрылым және платформа емес.

2. Сол 400 дерек қорын бір қазанға сыйғызатын платформа іске қосылады.

3. 500 млн доллар. Кімнен қалай алатынымыз әлі анық емес.

4. Салыстырмалы. Қазір 400 түрлі дерек қорына қызмет жасап отырған IT компанияларға бюджеттен жыл сайын 250 млн доллар жұмсалады.

5. Бірінші кезең. Барлық меморгандардың дерекқоры екшеленеді және сұрыпталады.

6. Екінші кезең. Техникалық мүмкіншілікті бағалау. Желтоқсанның соңына дейін кезек күттірмес мәселе.

7. КОД. Бізге платформаның қаңқасын ғана береді. Оған ашық кодты өзіміз орнатамыз. Қазақстандық IT мамандар орнатады.

8. Платформаның сервері. Кәдімгі темір жәшіктер. Ол да Қазақстанның жерінде орнатылады. Өзіміз қорғаймыз.

9. Ресейлік платформаны неге таңдадық? Microsoft, Oracle, Cisco әкесінің құнын сұраған және ашық кодты беруге келіспеген.


10. Жаңа платформаның қауіпсіздігі туралы да сұрадым. ,Қорқатын ештеңе жоқ,- дейді.

11. Мұның бәрі Мусинге не үшін керек? Оны да сұрадым. Үкіметтің қолмен істейтін құзыреті шектен тыс. Ауыл мен қаланың арасы мыңдаған шақырым. Оны қас-қағым сәтке жақындатудың жалғыз жолы бар. Ол-цифрлық трансформация. Жаңа платформа алудың қыры мен сыры осы.

12. Әттең. Жаңа платформа туралы идеяның ақпараттық насихаты вообще ұмыт қалған. Халықаралық меморандумды естігенде есімізден танғанымыз рас. Енді елге түсіндіру оңай болмайды….

Мусин Багдат нар көтере алмас ауыр жұмысты мойныңызға алдыңыз. Мемлекеттің болашағы үшін керек дедіңіз. Сәттілік!", — деп жазды Ербол Мәндібек.