Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастың жағдайы ауыр.
«Дәрігерлер ешқандай болжам жасай алмай отыр. Әйел адам ауруханаға өте ауыр жағдайда бас жарақатымен түсті. Бірден медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл ота жасалды», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Осыған дейін зардап шеккен әйелдің жағдайы өте ауыр екені хабарланған болатын.