“Абайдай ұлы тұлғалар тоқалдан туған” - Мөлдір Әуелбекова оқырман сұрағына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Абайдай ұлы тұлғалар тоқалдан туған” - Мөлдір Әуелбекова оқырман сұрағына жауап берді

“Абайдай ұлы тұлғалар тоқалдан туған” - Мөлдір Әуелбекова оқырман сұрағына жауап берді

Әнші Мөлдір Әуелбекова инстаграм әлеуметтік желісіндегі сторис бөлімінде оқырмандарының сұрағына жауап берді.

  • 3 Қараша 2021
  • 725
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Сізді біреудің тоқалы деп естідім, ол қалай болды? Тым жақсы қыз едіңіз…
— Өсек айту — харам. Ғайбат айту ауыр күнә. Арқаламаңыз, ақыретте жауап бересіз. Ал, жалпы Абай атамыздай ұлы тұлғаларымыз тоқалдан туған… Оған қалай қарайсыз?

Мен сіз сияқты болғым келеді қатты.
— Меннен әлдеқайда мықты болыңызшы. Соны тілеймін.

Қазақконцерттен кетіп қалдыңыз ба?


— Жоқ, кетпедім. Үш жылдық декреттік демалыс алдым.

Жұлдыз болу ұнайды ма?
— Әрине халықтың қошеметіне бөленіп, бата алу деген бақыт қой.

Жаңадан тұрмыс құру ойыңызда бар ма?
— Үшінші мәрте ма?

Мөлдір десе Мөлдірсіз. Барлық бақытқа лайықтысыз.
— Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге мың есе қайтсын, Алла тілеулеріңізді берсін.

Перейти к новостям спорта