Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Енді жарнамалық хабарлар 1000-нан аса жазылушысы бар үлкен арналарда жазбаның соңына қарай түссеңіз шығады. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров жазды.
"Telegram жарнамалық хабарламаларды сынақтан өткізе бастады. Бұл қолданушыларға қалай әсер етеді?"- делінген хабарламада.
Telegram-дағы ресми жарнамалық хабарламалар кедергі келтірмейтіні айтылды. Жарнамада артық сілтемесіз немесе суретсіз қысқа мәтіндерге рұқсат етіледі. Жарнама арнадағы барлық жаңа хабарламаны көргеннен кейін ғана пайда болуы мүмкін.
Еске салайық, қазанның соңында Дуров жақында Telegram-да ресми жарнамасы бар блоктар пайда болатынын хабарлады. Ол пайдаланушылардың көпшілігі бұл жаңалықты байқамай қалуы мүмкін екенін атап өтті.