Ақбота Сейітмағамбет ұсыныс жасаған жігітке: "Мен секілді әйелдің не керегі бар? Менімен олай ойнама" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота Сейітмағамбет ұсыныс жасаған жігітке: "Мен секілді әйелдің не керегі бар? Менімен олай ойнама"

Ақбота Сейітмағамбет ұсыныс жасаған жігітке: "Мен секілді әйелдің не керегі бар? Менімен олай ойнама"

Отандық бағдарламалардың бірінде жүргізушілікті тізгіндеген Ақбота Сейітмағамбет пен Шерхан Пірназар халықты таңқалдырды. Бірақ, бұндай ұсынысты Ақботаның өзі білмейтіндігі мәлім болды. 

  • 8 Қараша 2021
  • 528
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бағдарлама барысында Шерхан Пірназар Ақботаға ұсыныс жасады. Әнші көзіне жас алып, сенер-сенбесін білмеді. 

“Шынымды айтсам, мен бұндай ұсыныс күткен жоқпын. Сен әзілдеп тұрған шығарсың. Пранк болса, менімен олай ойнама. Мен алдандым. Не айтарымды да білмей тұрмын. Мен сенің не ойлағаныңды білмеймін. Саған мен секілді әйелдің не керегі бар? Мен ойланайын. Сен мен үшін жақсы доссың, әріптессің. Сөзімді жерге тастамайсың. Бірақ бұлай ұсыныс айтады деп ойламадым. Сондықтан не айтарымдым білмеймін“, – деді қобалжып. 

Қатты толқып, жылап қалған Ақбота сақинаны өзі тағып алды. Дегенмен, бұл оған жауабы емес екенін ескертті.