Құрметті қонақтардың арасында 84 жастағы белгілі өнер иесі Нұрғали Нүсіпжанов пен оның жас жұбайы Жадыра Сейдеш те болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Олармен дастархан басында бірге түскен суреттерін әнші Айгүл Иманбаева жеке парақшасындағы Stotris-ке жүктеді. Еске салсақ, танымал әнші осыдан екі жыл бұрын 82 жасында 37 жастағы журналист Жадыра Сейдешпен бас қосқан болатын. Соңғы уақытта ел назарынан тыс қалған жұптың аман сау екенін көрген көпшілік бір серпіліп қалды.
Өнер иелеріне амандықтарын тіледі.
Той суреттерінен Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғали Нүсіпжанов сияқты аға буын өкілдерінің көп болғанын байқауға болады.