Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстанға электр энергиясын жеткізу бойынша қандай да бір шешімдер немесе мерзім қабылданды ма?" — деген сұрақ Нұр-Сұлтандағы Каспий құбыр консорциумы мүшелерінің кездесуінен кейін Ресей вице-премьеріне қойылды.
"Негізі, иә. Бірақ компаниялар бір-бірімен коммерциялық келісім-шарт жасасуы керек, олар келіссөз жүргізуі керек. Негізінде мұндай сұраныс бар және негізінен жеткізу мүмкіндіктері де бар. Бұл туралы бүгін және кеше сөйлестік. Сондықтан, біздің компаниялар жақын арада келіссөз жүргізеді", — деп жауап берді Новак.
Бүгін, 16 қарашада Нұр-Сұлтанда Каспий құбыр консорциумы акционерлерінің келісімге қол қойғанына 25 жыл толуына орай жиын өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысты.