Еліміздегі эпидемиялық ахуал қашан тұрақталады?
Осы және өзге де сұрақтар бойынша Caravan.kz медиа порталының тілшісіне белгілі инфекционист-дәрігер Толқынай Ордабаева жауап берді.
— Толқынай Берікқызы, қазіргі таңда еліміздегі эпидемиялық жағдай қандай деңгейде?
— Қазіргі таңда мынадай жағдайда деп айту өте қиын, өйткені эпидемиялық жағдай елімізде ғана емес, бүкіл әлемде күн сайын, тіпті сағат сайын ауысып тұрады. Өйткені, біреулер коронавирусқа, пневмонияға шалдығып қалулары мүмкін, кейбір жандар үйде емделемін деп асқындырып алатын жағдайлар кездесіп жатады. Бірақ, қазір көпшілік вакцина алғаннан кейін елімізде эпидемиялық жағдай жақсы жаққа өзгеріп келе жатыр деп ойлаймын. Елдегі эпидемиялық жағдайды өзгерту ол — өзіміздің қолымызда. Қазіргі таңдағы ең басты қорған ол – вакцина.
Демек, эпидемиялық жағдай оңалу үшін, жақсы жаққа өзгеру үшін вакцина алу маңызды?
— Бұл туралы эпидемиолог мамандар айтуы тиіс. Бірақ, қазір көпшілік қауым вакцинаны қабылдағаннан кейін жағдай біразға өзгерді. Өзіңіз байқап жүргендей, карантин шаралары жеңілдетілген қалалар көп, жасыл аймақтағы қала, облыстар да көп. Сондықтан да бұл жерден біз вакцинаны қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін көріп, байқап отырмыз. Аурудың алдын алу үшін вакцина өте маңызды.
— Вакцина туралы айтып өтсеңіз. Қателеспесем, өзіңіз вакцинаны қабылдадыңыз?
— Менің қабылдағаным Sputnik V вакцинасы, ол векторлық болып табылады. Векторлық дегеніміз – көбейтю қасиетін ДҢҚ жоғалтқан вирус болып табылады. Ол вирус болып АДН вирус болып табылады. АДН 26, соның ішіне, ортасына ген орналастырады. Осы вакцина құралған. Бұл вакцина тұрақты болып табылады және бұл вакцинаның арқасында адам екі жыл covid-19 вирусымен ауырмайды. Бұл вирус адам 91,6%-ға адамды қорғайды. Вакцинаны Қазақстан қалалар арасында, жеткізілу кезінде негізінде “транспротировка “Тасымалдау, сақтау, жібіту”, — деген көрсеткіштер сақталуы керек. Ол үшін арнайы термоконтейнерлермен вакцинаны алып келеді және де -18 градус аралығында жеткізіліп келуі тиіс. Сондай-ақ, вакцинаны сақтайтын арнайы тоңазытқыштар керек. Өз басым Sputnik V вакцинасын қабылдадым, мен оны кеш қабылдадым. Себебі, бірінші вакцинаның партиясын әкелген кезде, мен сол кездерде ауырып жүрген болатынмын. Сондықтан вакцина сәл кештеу алған болатынмын.
— Вакцинадан кейін, сіз Sputnik V вакцинасын қабылдадым дедіңіз, бұл вакцинаның жанама әсерлері болуы мүмкін бе? Өзіңіз жанама әсерді байқадыңыз ба?
— Жанама әсерлерін өз басым байқаған жоқпын. Дегенмен, өз әріптестерім, дәрігерлер әлсіздік, тершеңдік, температураның 37,5-ке дейін көтерілуі, буындардың сырқырауы және де вакцина жасатқан аймақта қызару байқалған. Бірақ, ондай жанама әсерлер кез келген вакцина жасалған кезінде байқалады. Эпидемиолог дәрігер емеспін, дегенмен инфекционист дәрігер ретінде солай айта аламын. Вакцинация кезінде ондай жанама әсерлер, реакциялар байқалып жатады. Кейбір адамдарда, ондай жанама әсерлер мүлдем байқалмауы мүмкін.
— Коронавирусқа қарсы вакцина жасағанға дейін және кейін өзін-өзі оқшаулау қажет пе?
— Негізінен вакцина алғаннан кейін, толыққанды имунитет қалыптасқаннан кейін халық оқшауланбаса да болады.
— Балаларға вакцинаны жасату қаншалықты маңызды?
— Негізінен Covid-19 балаларда жеңіл түрде өтеді және жедел түрде өтеді. Бала бір, екі күннің ішінде ауырып, одан кейін сауығып кетеді. Балалар ауырған күні, алғашқы күндері температурасы көтеріліп, әлсіздік байқалуы мүмкін және де балаларда ауыр түрде ауыспайды бұл инфекция. Балаларға вакцина жасалу керек, қажет. Себебі, балалар өздері жеңіл ауырғанымен ата-әжесі бар, ата-аналары бар, олар балалардан коронавирусты жұқтыртып алулары мүмкін. Үлкендерді жақсы білесіз, имунитеті нашар болғандықтан, олар да коронавирус ауыр өтеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда өмір сүру, бұрынғы жағдайға келу үшін, онлайн емес, қалыпты өмірге келу үшін коллективті иммунитет деген қалыптасу керек. Ол иммунитеттің септігін үлкендер ғана емес, балалар да қалыптастырады. Сол себепті балаларға коронавирусқа қарсы вакцина қабылдау керек. Негізінен, вакцина жасалғаннан кейні адам ауырады, кез келген вакцинадан кейін адам ауыруы мүмкін сол инфекцияны кездестіргеннен кейін. Бірақ, ол адамда инфекция жеңіл түрде өтеді.
Расында да маман дәрігер айтпақшы, қазіргі таңда эпидемиялық жағдай елімізде оңалып, жақсы жаққа қарай өзгеріп келе жатыр. Жақында ғана ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төралығымен өткен Үкімет отырысында елдегі эпидемиялық ахуал талқыланған болатын.
Үкіметтің отырысы кезінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда эпидемиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын айтқан еді.
Емдеуді жалғастырушылар саны азайып, соңғы үш айда науқастар екі есеге азайған болатын.