Шашын жұлып, темірмен ұрған: елордалық мүгедек әйелді көршісі соққыға жыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шашын жұлып, темірмен ұрған: елордалық мүгедек әйелді көршісі соққыға жыққан

Шашын жұлып, темірмен ұрған: елордалық мүгедек әйелді көршісі соққыға жыққан

Елордалық әйел төсектен тұра алмайды. Ал оның денсаулығына келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау үшін қымбат сараптама қажет.

  • 18 Қараша 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласында екінші топтағы мүгедек әйел көршісі соққыға жыққанын айтты. Бұл туралы жәбірленуші #НеМолчи қоғамдық қорына шағымданып, кінәлі азаматтың бостандықта жүргенін хабарлаған.

30 мамырда екінші топтағы мүгедек әйел күйеуі жұмыс істейтін гараждың алдында "ходунокқа" сүйеніп тұрған. Артынша көшеден шу шыққан, әйел ақ BMW автокөлігінің күйеуі жөндеген барлық көлікті соққанын көрген.  

"Мен барып, көліктерді соққан адам қашып кетпеуі үшін көлігінің кілтін алмақ болдым. Алайда көліктерді соққан адамның жанында болған менің көршім басымды рөлге ұра бастады. Шашымды жұлып, темірмен ұрды, аяғым мен арқамнан тепті", — дейді жәберленуші Ләззат Жарықбаева.

Оның сөзінше, көлік рөлінде болған адам 15 күнге қамалған, ал көршісіне қатысты ешқандай шара қолданылмаған.


"Менің белім сынып, енді жүре алмай қалдым. Ми жарақаты анықталды", — дейді әйел.

Қазір елордалық әйел төсектен тұра алмайды. Ал оның денсаулығына келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау үшін қымбат сараптама қажет.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жағдайға қатысты толық ақпарат беретінін жеткізді.