«Екі рет анафилактикалық шок алған». Үш баласымен терезеден секіріп қаза болған әйелдің жұмбақ өлімі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Екі рет анафилактикалық шок алған». Үш баласымен терезеден секіріп қаза болған әйелдің жұмбақ өлімі

«Екі рет анафилактикалық шок алған». Үш баласымен терезеден секіріп қаза болған әйелдің жұмбақ өлімі

Күні кеше Алматыда үш баласы мен өзі тоғызыншы қабаттан құлап қайтыс болған Бақтыгүл Қыдырбаева бұрынырақта екі мәрте анафилактикалық шок алған екен.

  • 24 Қараша 2021
  • 2351
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Informburo.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оны марқұмның туған әпкесі Жанар Қыдырбаева бүгін біздің арнаға телефон арқылы берген сұхбатында айтты. Ал, келіншегі мен үш баласының денесін мәйітханадан алып, ауылына шыққан марқұмның күйеуі әйелімен соңғы сөйлескенінде екеуара еш араздық болмағанын жеткізді. Келіншегінің атына рәсімделген үш бірдей несиеден де хабары бар екен. Бақтыгүл Қыдырбаева соңғы рет қазан айында ғана шағын несие ұйымынан 15 мың теңге несие рәсімдеген. Бірақ уақытында төлей алмаған. Үш немересі мен келінінен бір-ақ күнде айырылған Оразовтар отбасымен де біздің тілшілер тілдесіп қайтты.

Бұл — Күні кеше қайтыс болған келіншек пен оның әпкесі Жанардың ватсап желісі арқылы кешегі, яғни 22 қараша таңғы 10-ның кезінде жазысқан соңғы хаты. Жанар Қыдырбаеваның айтуынша, содан кейін Бақтыгүл телефонын көтермеген. Көңіл күйі жақсы еді, бірнеше күн бұрын кенжесіне 20 мың теңгеге комбинезон сатып алғанының суретін жіберген, үлкен қызының мақтау қағазын көрсетіп қуанған, не болғанын өзіміз де түсінбей жатырмыз, — деді Жанар. Денсаулығына байланысты сауалымызға екі мәрте анафилактикалық шок алғанын айтты.

ЖАНАР ҚЫДЫРБАЕВА, Марқұм Б.Қыдырбаеваның әпкесі:

Анафилактикалық шок алған сестренкам екі рет. Аллергиясы болатын. Бірақ неуточненный, неге екені белгісіз. Последний екі ай бұрын, преднизолон салып, әрең ап қалған.

Бүгін екі қызы мен ұлының, келіншегінің денесін мәйітханадан алып, ауылына жолға шыққан Нұрсұлтан Оразовпен де телефон арқылы тілдестік. Күні кеше полиция таратқан ақпаратты марқұмның күйеуі жоққа шығарды. Ерлі-зайыптылардың арасында ешқандай араздық болмағанын, бірақ соңғы күні жұмыс мәселесімен шығып, үйде қонбағанын айтты. НҰРСҰЛТАН ОРАЗОВ, Марқұм Б.Қыдырбаеваның күйеуі:

– Қайда болдыңыз, Шымкентте ме? Жоқ, Алматыда болдым. Жұмыстың мәселесімен шығып кеткенмін. Сол күні ме, таңертең бе? Бір күн бұрын шығып кеттім. Жұмыс мәселесімен. Ешқандай ренжіскен жоқсыздар иә, жо-жоқ. +Соңғы рет не туралы сөйлестіңіздер? Ешнәрсе, күндегі үйдегі әңгіме, тіршілік қой.

Бақтыгүл Қыдырбаеваның атына үш мәрте несие рәсімделіпті. Екеуіне қатысты уақытылы төлей алмағандықтан, ісі сот орындаушыларының қарауында. Соңғы рет қазан айының соңында 15 мың теңге несие алыпты. Бірақ ол қаражатты да уақытында төлей алмаған. Нұрсұлтан Оразов келіншегінің несиелерінен хабардар, бірге алдық, — деп отыр. Жұмыс бірде бар, бірде жоқ, шамама қарай төлеп жүрмін деді.

Марқұмның әпкесі, жәрдемақы алуға бірнеше мәрте құжат өткізіп, рәсімдей алмағанын айтқан болатын. Ал, Нұрсұлтанның туыстары жас отбасының қаражаттан қысылғанынан хабарсызбыз дейді. Бір-ақ күнде үш немересі мен келінінен айырылған Бауыржан Оразов та дәл осындай әрекетке баратындай денсаулығында кінарат жоқ еді, қаражаттан қысылатындай емес, тек кредитке телевизор алған, — дейді. Ол бауыр еті балалаларынан, әйелінен бір- ақ күнде көз жазып қалған ұлының жағдайына алаңдаулы.

БАУЫРЖАН ОРАЗОВ, Марқұм Б.Қыдырбаеваның қайын атасы:

Папа, төртеуі де жоқ. Маған өмір сүрудің қажеті жоқ, қайтіп өмір сүремін дейді. Келінім алтын адам еді. Факт что баламның үйде болмағаны.

Бауыржан Оразов, келіні мен ұлы, немерелерімен 20 қараша күні ұлының туған күнінде телефонмен бейнеқоңырау арқылы тілдескен. Ал, қайғылы жағдай болған күні Нұрсұлтаннан кейінгі ұлдарым көрген. Олар сол үйде тұрып жатқан, жұмысқа кетерінде келін мен немерелері ұйықтап жатқан екен.