10 күн жансақтау бөлімінде жатқан: Ақмолалық 65 жастағы бөтелкелесін ұрып-соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 күн жансақтау бөлімінде жатқан: Ақмолалық 65 жастағы бөтелкелесін ұрып-соқты

10 күн жансақтау бөлімінде жатқан: Ақмолалық 65 жастағы бөтелкелесін ұрып-соқты

Ақмола полицейлері егде жастағы ер адамға дене жарақатын салған күдіктіні анықтады.

  • 24 Қараша 2021
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

21 қарашада Зеренді АПБ кезекші бөліміне көпсалалы облыстық аурухана медбикесінен 10 қарашада медициналық мекемеге келіп түскен 65 жастағы ер адамның “бет сүйегінің, төменгі жақтың сынуы” диагнозымен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жәбірленуші 10 күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті.

Жедел-тергеу тобы 10 қарашада ер адамдар спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішкені белгілі болды. Туындаған жанжал барысында Ақмола облысының 50 жастағы тұрғыны ер адамға дене жарақатын салған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұл факт 106-баптың 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.