Қожа Ахмет Яссауидің денесi әлi шiрiмеген, жаны бар - Баян Тұяқбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қожа Ахмет Яссауидің денесi әлi шiрiмеген, жаны бар - Баян Тұяқбаева

Қожа Ахмет Яссауидің денесi әлi шiрiмеген, жаны бар - Баян Тұяқбаева

Желіде Қожа Ахмет Яссауидің бабамыздың денесінің қалай шірімей тұрғандығы айтылып, оқырмандар арасында талқыға түсті. 

  • 29 Қараша 2021
  • 5380
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Жанат Бақыт желідегі парақшасында Түркістан қаласындағы өзгерістердің кемшіліктерін жазды. 

"Академик Баян Тұяқбаева Қожа Ахмет Яссауидің мәйітін көрген кісі. Өзі былай депті:
-Тоқсаныншы жылдары кесенеге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзген болатынбыз. Бабамыздың құлпытасы лақат жағына қисайып кетiп едi. Бiз қызығушылығымыз оянып, сағананы (12 ғасырда жасалған сағана) ашып қарап, мүрдесiне қол тигiздiк. Денесi әлi шiрiмеген екен, жаны бар. Бұдан әрi айта алмаймын. Бiрақ сол кездегi көңiл күй ерекше болды… Есiмнен кетпейдi…
Әр жағын білудің қажеті жоқ. “Әулиенің денесі шірімейді” деген осы.
Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің де денесі шірімеген (С.Мұқанов көрген, әрі жазып кеткен). Және Мәшһүр өзіне бейітті өзі қазыпты. Оны көрген басқа молдалар:
-Ау, Мәшһүр, тірі адамның өз-өзіне көр қазғаны қалай?-деп таңғалысады.
-Мен қазамын, келесі жылы өлемін. Ал сендер өздеріңе көр қазуға шамаларың жетпей тентіреп кетесіңдер,-деген.
Расында большевиктер келесі жылы бәленбай мың молда мен ишанды Сібірге айдады.
..
Биыл Түркістанға, ел шулаған “Керуен сарайға” бардым.
Иә, дұрыс, бәрі әдемі, ел көп келіп жатыр, анау-мынау…
Ұнамағаны не? Айтайын ба?
“Мыңдаған зиратты бульдозермен қиратты, сол жердің бәрі қаптаған мазар болған” делінген тарихта.
Енді сондай Сакралды жерге есі дұрыс адам бала ойнайтын Аттракцион, Киім сататын бутиктер сала ма? Тарихты өтірік көрсететін Самұрықтың не керегі бар? Көрсете ме, сол Кесенеге қатысты тарихты көрсетсін.
Топырақ астында ата-баба сүйегі жатыр, біз аттракционда отырмыз, мәз болып! Не деген контраст бұл?!
Елді бутикпен, шетелский фаст-фудпен, көгерген суда қайықпен айналдырып таңғалдырмайсыз, ел ол жерге ТАРИХТЫ көру үшін, тарихты білу үшін келеді. Шетелден келген қанша турист жүр. Алайда тарихтан ақпарат беріп жатқан бір гид жоқ. Бәрі кесененің биіктігін, ыдыс-аяқтың атауын айтудан әріге аспайды.
Оданда Яссауи кесенесінің төбесі опырылып түсе жаздағанын, әлі де опырылу қаупі барын айтса!
“Мемлекеттен қазір қыруар қаржы бөлінеді. Алайда Кесенені жөндеуге сол 100% қаржы түгел жұмсалатынын кім тексеріп отыр, мысалы түгел жұмсалатынына мен сенбеймін”,-дейді Жантемір Алимов.
“Керуен сарайдан” бұрын ұрпаққа Кесене керек. Күшті соған салу керек еді.
Баба әруағынан қорықпайтын, ар-ұяты бар азамат болса, әлі де кеш емес негізі…", деп жазды. 

"Сол жердің құрылысына қатысқан жігіт астынан талай мүрденің ашылғанын, түбі жақсылыққа әкелмейтінін айтып еді. Жын ойнақ қылған", "Тамаша айттыңыз, оқып отырып ұялдым ау ата-баба әруағынан, айналайын қазағым ай, басымыз онша мұнша нәрсеге жете бермейді ғой", "я дұрыс айтасыз ,бәрінен бұрын бір пілтенің күшімен ысып қайнап тұрған моншаны айтсаңызшы ,оның да қалай ысытып тұрғанын тексеріп көреміз зерттейміз деп ,жарамсыз қылып тастады ғалымсымақ зерттеушілер ,мен де қосыламын жазбаңызға . Басқа гөй гөйіміз аз болғандай енді тарихи жерлерімізді тарихтан жұрдай етейін деп тұр" , деп пікірталасты оқырмандар.