"Тойға киген ақ көйлек қанға боялды, адам шығыны болды": Жанболат Найзабеков жол апатына түскенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тойға киген ақ көйлек қанға боялды, адам шығыны болды": Жанболат Найзабеков жол апатына түскенін айтты

"Тойға киген ақ көйлек қанға боялды, адам шығыны болды": Жанболат Найзабеков жол апатына түскенін айтты

Өнер қырандарының актері үйлену тойында жол апатына ұшырап, кісі өлімі болғаны жайлы айтып берді.

  • 6 Желтоқсан 2021
  • 1602
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актер сол үлкен сынақтан әкесінің күйзеліске түсіп, денсаулығы нашарлап қалғаны жайлы жан сырын ақтарды. Айтуынша жолдың қарсы бетінен бір бірінен озбақ болған екі Камаз жүк көлігі шығып қалған. Ешқайда қаша алмай қалған актер одан ары не болғанын түсінбей қалыпты. Тек көлік аударылып кеткені есінде.

—  Өз үйлену тойымда ақ смонкигім, келіншегімнің ақ көйлегі қанға боялды. Адам шығыны болды. Сол кезде бірер секунд арасында өмірім түгелдей көз алдымнан лента болып өтті. Біткен жерім осы екен деп ойладым. Ата-анама өте ауыр болды. Әкем содан стресске түсіп, денсаулығы нашарлап қалды. Бірақ, бұның бәрін Алланың сынағы екенін бірден білдім. Алла сынақты тек көтере алатын адамға береді, дейді актер.

Бірақ кейін бұл оқиғаның неден болғанын, не үшін болғанын 5-6 айдың соң түсіндім, дейді Жанболат Найзабеков.

Жанболат бүгінде ұл-қыз сүйіп, бақытты болып отырғанын айтты. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by TALIM TV (@asylarna)