"Өз қазағын жарытып алмай": Айнұр Тұрсынбаева африкалықтарды сумен қамтамасыз етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өз қазағын жарытып алмай": Айнұр Тұрсынбаева африкалықтарды сумен қамтамасыз етті

"Өз қазағын жарытып алмай": Айнұр Тұрсынбаева африкалықтарды сумен қамтамасыз етті

Айтыскер ақын, мотиватор Айнұр Тұрсынбаева ұйымдастырған топ бастамасымен Африкалықтарды сумен қамтамасыз етті. 

  • 7 Желтоқсан 2021
  • 1067
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Өз елін жарылқамай, өзгені жарылқадың деп сынайтын оқырмандарына мынадай дәлелмен жазба қалдырды. 

"Мына бала не үшін жылап тұр деп ойлайсыз? Қуаныштан жылап тұр! Сіздерге рахмет айтып жылап тұр! Бұл Африкадағы Гамбия медресесіне сіздер салып берген құдық.. Балалар су тапшылығынан жуына алмай жылап жүр еді, міне енді осв құдықтан су ішіп, дәрет алған барлық баланың дұғасының ішінде сіздер барсыздар…

ЕСТІГЕН БОЛАРСЫЗДАР…

Өмірден өткен соң адамның амалы тоқтайды. Бірақ сауабы үзілмей, артынан келіп тұратын үш әрекеті бар. Олар: адамзатқа пайдалы білімі, жақсы тәрбиелеген перзенті және соңынан қалдырған жария садақасы…

Жария садақа дегеніміз — егілген ағаш, соғылған мешіт, жасалған жол, бой көтерген медресе және қазылған құдық екен…
@aidyn_nury_qory осындай игілікті іске ат салысты.. Сіздердің қолдауларыңызбен..

Осы жерде қуана алмай, іші қылп ете қалатын адамдар болатынын ішім сезеді… Ол кісілердің не айтатындары да белгілі… "Өз қазағын жарытып алмай, айдаладағы Африкаға шашылғаны несі?" дер… Бірақ осы сөзді айтпас бұрын ойланыңыздар!
Егер Жер-Анамыздың бір бұрышында титтей сәбилер аштан қырылып жатса, қалай алаңсыз отыруға болады…

Ойлаңызшы…
Африкадағы 300 млн. адамның (!) ауызсуға қолы жетпей отыр. Су тапшылығынан аштық жайлап, ауру меңдеп, күніне 500 бала қайтыс болады екен… Кениялықтардың 80 пайызы жәндіктермен қоректенуге мәжбүр. Отбасылардың көбі тәулігіне бір-ақ рет тамақтанады. Кениялық аналардың күндегі уайымы не екенін білесіз бе? "Бүгін қоректі қай балама берем?"деп ойланады екен. Елестетіңізші… сіздің алдыңызда аштықтан бұратылған 4 бала жатыр, қолыңызда 1-ақ түйір ас… Бәріне жетпейді… Сіз әлгі түйір асты тек біреуіне бере аласыз… Анасы ең кішісіне немесе әлсізіне береді екен…

Айналайын аналар-ау, бір баламызды сақтап қалу үшін екіншісін құрбандыққа шалатын мұндай сынақ біздің басымызға берілмесін деп тілейік. 

Біздің уайымымыз мүлде басқа ғой… Дәл бүгін қандай оймен ояндыңыз, еске түсіріңізші… Осы барымызға шүкіршілік етейік… Африкадағы құдықтың құрылысына сіздердің де үлестеріңіз бар. Өзіңіз біреуден көмек сұрамай, қайта біреуге көмектесе алатын жағдайларыңыздың барына тәубе етіңіздер. Осы құдықтан әрбір адам шөлін қандырған сайын, сіздерге де мол сауап жазылсын!", деп жазды желідегі парақшасында. 

Айнұр Тұрынбаеваның оқырмандары ақынның сауапты ісіне ризашылықтарын білдірді.