"Біз президент Путиннің бұйрық бергенін білмейміз, оған қатысты нақты мәліметтеріміз де жоқ… Бірақ бізге жоспарлары айқын көрініп тұр. Әскерлердің қозғалысы Украинаның айналасындағы батальондық тактикалық топтардың жанына, оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс шекаларға орналастырылғанын байқаймыз", — деді Ақ үй өкілі.
Ол АҚШ Ресейдің қосымша әскери күштерінің Украинаның шекарасынан әртүрлі аудандарда қозғалатынын көретінін айтып сендірді.
Сондай-ақ Ақ үй АҚШ "Украинаны басып алған"жағдайда Ресейге қарсы әскери күш қолдануды жоспарламағанын айтты. Сонымен бірге егер мұндай болжам орындалса, Пентагон НАТО-ның шығыс қапталындағы одақтастарға әскери көмек көрсетуге дайын.