Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарлама авторы бұл туралы Алматыдағы №4 емханадан естігенін айтқан. Бірақ емхана қызметкерлері вакцина бағасының әлі бекітілмегенін мәлімдеді.
"Қазір №4 емханада Pfizer вакцинасын ақылы түрде алғысы келетін азаматтарды алдын ала тіркеу жүріп жатыр. Әзірге бағасы белгісіз. Қалалық емхана қызметкерлеріне вакцина құны жайлы бұйрық келіп түскен жоқ", — деді мекеме қызметкерлері.
Сонымен қатар Pfizer препаратын 12 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің тегін ала алатынын қосып өтті.