Қостанай облысының тұрғыны баласын қорлаған адамды пышақтап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының тұрғыны баласын қорлаған адамды пышақтап тастады

Қостанай облысының тұрғыны баласын қорлаған адамды пышақтап тастады

Қостанай облысында әйел ер адамды пышақтап тастады. Зардап шеккен азамат бұған дейін әйелдің ұлын ұрған.

  • 10 Желтоқсан 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарасу ауданы Железнодорожный ауылының 30 жастағы тұрғынына пышақ жарақатын салу дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелген соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Алдын ала тергеу барысында 46 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде бұрын баласын ұрып-соққан жәбірленушіге пышақ жарақатын салғаны анықталды. Ер адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.


Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сараптама тағайындалды.