"О дүниеге төрт баламды ала кетем": Көп балалы тағы бір ана сұмдық қадамға баратынын айтқан - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"О дүниеге төрт баламды ала кетем": Көп балалы тағы бір ана сұмдық қадамға баратынын айтқан

"О дүниеге төрт баламды ала кетем": Көп балалы тағы бір ана сұмдық қадамға баратынын айтқан

Кедейлік пен әділетсіздіктен шаршап, 4 баласымен о дүниеге аттануға дайын отырған ананың күйініші қандай? Ол не себепті бұндай шешімге келген?

  • 10 Желтоқсан 2021
  • 10925
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Almaty Tv — арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Өзіме қол жұмсаймын, балаларыма да. Құдай өзі кешіре көрсін. Басқа амалым жоқ", — дейді кедейліктен шаршап, 4 баласымен о дүниеге аттануға әзір тұрған Ақмарал Асабаева. Оның басына түскен күрделі түйінінің шешімі бар ма?!

"Өмір сүргім келмейді. Шаршап кеттім. Таң болмаса екен деп тілеймін. Құдай жанымды алса екен өзіме қол жұмсамай — ақ", — деп жалынамын дейді ол.

"Есікті ешкімге ашпаймыз. Біреу келіп қала ма деп қорқынышпен өмір сүруден шаршадым. Осы өмір ма? Айтыңызшы. Менің ештеңеден үмітім жоқ. Үмітімді үзгенмін бәрінен. Ештеңе қызық емес",- деп төрт баланың анасы сөзін шорт кесті.

"2018 жылы жолдасым екеуіміз үй алдық. Оны әкемнің атынан рәсімдедік. Себебі бізде болашақта несие болып қалады деген қорқыныш болды. Әкем сол жылы инсульт алып қатты ауырып, комаға түсті. 4-5 күннен соң қайтыс болды. Өмірден озардан алдын құжаттарды алып кет деп шақырған болатын. Оны үйге алып келіп тығып қойдық. Анам бір күні келіп, меннен сол құжаттарды сұрады, арам ой жоқ. Бердім. Сөйтсем ол үйді сатып жіберген екен", — деді етегі жасқа толған Ақмарал.

"Жолдасым мені қатты кінәлады. Үйден кетіп қалды. Қазір арамыз нашар. Сен бұл мәселені шеше алмайсын, мен өзім жұмыссызбын. Далада қалдық деп кетіп қалды. Мен өзімді қатты кінәлі сезінемін. Сол үшін өмірден баз кештім.",- дейді.

Алматыда келіншек үш бірдей баласымен 9-шы қабаттан секіріп кетті

Егер мәселенің шешімі табылса, үй қайтарсылса жолдасымен жаңадан өмір бастауға дайын екендігін жеткізді. Төрт баласының әкесіз өскенін қаламайтындығын айтып көзіне жас алды.

Еске салсақ, жақында Алматыда жас келіншек үш баласымен бірге 9 қабаттан секіріп кетіп, мерт болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар