СҚО-да шенеуніктер оқ атылған көлікке қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да шенеуніктер оқ атылған көлікке қатысты пікір білдірді

СҚО-да шенеуніктер оқ атылған көлікке қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметтік көлікке оқ атылғанына байланысты пікір білдірді.

  • 20 Желтоқсан 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға демалыс күні болғандықтан, әлеуметтік желі қолданушылары "қызметтік көлік жұмыстан тыс уақытта қандай мақсатта пайдаланылғанын" сұрасып жатыр. Huyndai Accent көлігі тіркелген бөлім жүргізуші көлікті өз қажеттілігне пайдаланғанын айтты.

"Көліктің жүргізушісі — Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны. Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне 2021 жылы сәуірде қабылданды. Бұған дейін Петропавл қаласының ТКШ бөлімінде және Мамлют ауданы әкімінің аппаратында жұмыс тәжірибесі болған.

Мереке, демалыс күндері, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта қызметтік көлік пайдалануға жатпайтынын атап өткен жөн. Алайда, осы ережелер мен талаптарды бұзған жүргізуші басшылығына ескертпей, өз еркімен Мағжан Жұмабаев ауданына туыстарына барған", — деді облыстық Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айнагүл Сұрағанова.

Ведомство басшысы жүргізушіні жұмысқа қабылдау кезінде материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалғанын, сондықтан тергеу іс-шаралары аяқталғаннан кейін көлік оның есебінен қалпына келтірілетінін айтты.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында әйнегі сынған, оқ тиген көлік табылғаны хабарланған болатын.