Топ жетекшісі- Сорос-Қазақстан қорының президенті Мұрат Әуезовтың айтуынша, делегация өкілдері өз сапарын Алматыдан бастап , Монғолияның Баян-Өлгий аймағында 7 күн болған. Топ Монғолияны мекен ететін қандастарымызға музыкалық аспаптар, қазақша ән-күйлер жазылған үнтаспалар, ГАЗ-66 автокөлігінің салонында жабдықталған жылжымалы кітапхана тәрізді қайырымдылық көмекті тарту еткен.
Қазақстанға қайтар жолында еліміз өкілдері 17 мың қазақ тұратын Ресейдің Алтай аймағын аралаған көрінеді. Онда делегация зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізген.