«Арандатуды ашық жасап отыр»: Ресей құрамасы СССР деген жазуы бар форманы не мақсатта киіп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Арандатуды ашық жасап отыр»: Ресей құрамасы СССР деген жазуы бар форманы не мақсатта киіп шықты

«Арандатуды ашық жасап отыр»: Ресей құрамасы СССР деген жазуы бар форманы не мақсатта киіп шықты

Өткен жексенбі күні хокейден Ресей құрама командасы тағы да бүйректен сыйрақ шығарды.

  • 23 Желтоқсан 2021
  • 149
Фото - Caravan.kz

Финляндиямен кездескен олар КСРО жазуы бар киммен шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл жағдай көпшіліктің таңданысын туғызды.Көрермендер оның астарын бірден ұқты. Ал саясаттанушы Асхат Қасенғали былай деп ой түйді:

"Ресей арандатуды ашықтан ашық жасап отыр. Жексенбі күні Ресей мен Финляндия арасында хоккей ойыны болды. Онда Ресей құрамасы "КСРО" деген жазуы бар форма киіп шықты. Өмірде жоқ, табытқа түсіп, сүйрегі қураған халықтар түрмесінің формасын киіп шығу нені білдіреді? Әрине, Мәскеудің бұл түрмені тірілткісі келетін ішкі пиғылын. Оның үсітіне бұл әрекеттері Батыс пен Ресей арасындағы шиеленіс артқан сәтте болып отыр.

Айтпақшы, Ресей "КСРО" формасын киіп шықса да, ұтылып қалды. Тура Фин соғысында 125 мың КСРО басқыншысы қаза тапқандай, 3:2 есебімен жеңілді",- деп жазды ол.

Сондай-ақ саясаттанушы әлемде қырғи-қабақ соғыс қайта басталғандай деп жазды.


"Жалпы әлемде қырғи-қабақ соғыс қайта басталғандай. Тайвань арқылы тұтас Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (Жапония, Қытай, Тайвань, қос Корея), Шығыс Еуропа елдері де (Украина, Балтық елдері, Беларусь, Польша, басқыншы Ресей) жарылу алдында тұр. Геосаясат қызық болып барады",- деді ол.

Еске салсақ, қазір Ресей мен батыс елдері арасында шиеленіс ушығып тұр. Ал Ресей мен Украина арасы тіптен шегіне жеткен. Соңғы мәліметтерге қарағанда орыстардың 100 деген мың сарбазы Украина шекарасы маңына топтасқан көрінеді.