"Африкаға күйеу бала". Қара қызбен жабысып билеген жігіт қызу талқыланды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Африкаға күйеу бала". Қара қызбен жабысып билеген жігіт қызу талқыланды (видео)

"Африкаға күйеу бала". Қара қызбен жабысып билеген жігіт қызу талқыланды (видео)

Әлеуметтік желілерде қазақ жігітінің қаа нәсілді қызбен құшақтасып, билеп жүрген сәтінің видеосы пайда болды. Бейнежазба тойда түсірілген.

  • 30 Желтоқсан 2021
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода жігіт африкалық бойжеткеннің белінен құмарлана құшақтап, кейін басын қыздың кеудесіне қояды. Бейнежазбаны көргендер ол құдашамен билеп жатыр деп, оған қара қызды алып қалуға кеңес берді.

"Қара қызды құшақтап, біздің жігіт мәз. Енді осындай келін алып, қазақ санын көбейтсе", "Африкаға бір күйеу бала", "Қыз беріп жатырсың, енді қызын алып қалсай", "Біздікілер де кетер емес сияқты құдашасын көріп", "Дұрыс, біздің қыздар кете бергенше, олардан да қыз алайық" деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырғандар арасында жігіттің бұл қылығын сынап, "Қасындағы қазақ қыздары жігітке зар боп бір-бірімен билеп жүр", "Жанында қазақ қыздары жүргенде мынаған жабысқанын айтам…", "Ең сұлу қазақ қыздары" деп жазғандары да бар.