Аяжан Еділованың өлімі: сот күдіктіге үкім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяжан Еділованың өлімі: сот күдіктіге үкім шығарды

Аяжан Еділованың өлімі: сот күдіктіге үкім шығарды

Алматыда сот биыл наурыз айында бүкіл елді дүрліктірген іске қатысты сот үкімін шығарды.

  • 31 Желтоқсан 2021
  • 151
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті Төребеков айыпты деп танылып, 25 жылға сотталды.  

Сот барысында ол бойжеткенді зорлады деген айыппен келіспей, тек кісі өлтіргенін ғана мойындаған еді.

Аяжан Еділованың өлімі бойынша сот отырысы 9 қарашада басталды. Іс Алматы қаласының аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды. Аяжанның отбасының атынан сотқа қатысқан қорғаушы Қадіржан Ғалымжанұлы қылмыстық іс 30 томнан тұратынын және 30-ға жуық сараптама өткізілгенін мәлімдеді.