"Бір затқа ие болыңдар". Әнші жас қыздарға пәктікті сақтау жолын айтты (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір затқа ие болыңдар". Әнші жас қыздарға пәктікті сақтау жолын айтты (видео)

"Бір затқа ие болыңдар". Әнші жас қыздарға пәктікті сақтау жолын айтты (видео)

Анасымен бірге ән айтып, әлеуметтік желі арқылы танылған әнші Гүлмира Ізбасханова жас қыздарға ақыл айтты. Өнер иесі қыздар ар тазалығын сақтап, босағаны пәк боп аттау керектігін алға тартты.

  • 31 Желтоқсан 2021
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Шыдамды болу керек" деген Гүлмира Ізбасханова қыздардың болашағына алаңдап отыр. Бұл туралы ойын ол TikTok парақшасында бөлісті.

"Қыздар, сіздерге айтар бұйымтайым бар еді. 15-16 жасар қыздардың лаулап тұрған шағы ғой. Түсінемін… Егер сіздер бір затқа қатты ие болсаңыздар, армандарыңызға, мақсаттарыңызға жетесіздер. Бір зат дегенді біліп тұрсыздар. Документ былай айтқанда. Қыздардың ең құнды, бағалы документі. Сондықтан мені тыңдасаңыздар, жаман болмайсыздар. Сіздер ененің, күйеулеріңіздің алдында бағалы боласыздар", — деді ол.

Өнер иесі "өзің әлі күйеуге шықпағансың" деп айтатындарға да жауап берді. "Пешенеме күйеу неше жасымда жазылғанын білмеймін" деген ол өнерлі ұл-қыз дүниеге әкелсем, арманым жоқ деп отыр.

"Сондықтан айтамын, қыздар, бір заттарыңызға ие болыңыздар! Ой, мен оған өкінбеймін, жақсы көрген жігітіме "бердім" ғой деп айту қателік. Сонда тұрмысқа шығатын жігітіңе не айтасың? Жақсы көріп едім демейсің ғой. Дұрыс па? Оны да ол кезде жақсы көресің. Сол үшін әр нәрсеге шыдамды болу керек. Әрине, жігіттердің бәріне топырақ шашпаймын. Бірақ бірінші сен ақылды қыз бол. "Жүзік бер, тойымыз болсын" деп айтыңыздар. Сіз өздеріңізге мықты болсаңыздар, жігіттер ондай нәрсе жасамайды… Бәрін ақылға салыңыздар", 
— деді әнші.