Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қырғызстанның Люксембургтегі төтенше және өкілетті елшісі Шыңғыс Айтматов : «Қазір біз жаңа дәуір , жаңа геосаяси кеңістікте өмір сүріп жатырмыз. Менің ойымша, дәл осындай уақытта Ұлттық зерде — Ұлы күшке айналуы тиіс. Ол біз кімбіз , біз не үшін жүрміз дегенге жауап беріп идентификация жасайды. Сонымен бірге, теріс сипатқа ден қойып қиратушы күшке айналатын да осы зерде»,- деп атап көрсетті.
Шыңғыс Айтматовтың айтуынша, «Мәдени және рухани байлық жағынан біздің Еуразиялық потенциал ешкімнен кем түспейді, тіпті бұл тұрғыда батыс өркениетінен асып түсетін кейбір жақтарымыз бар дегенді сеніммен айта аламыз. Өзімізді және өз мемлекеттерімізді қалыптастырып жатқан қазіргі сәтте бізге осыны түсіну керек».
Конференцияға сондай-ақ, Ресей Ғылым академиясы мемлекет және құқық институтының профессоры Леонид Сюкияйнен, Қазақстан мұсылмандарының мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ресей православие шіркеуінің Қазақстандағы өкілі отец Сергий секілді адамдар қатысты.