Террорлық шабуыл кезінде жоғалғандарды іздеуге арналған сервис іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Террорлық шабуыл кезінде жоғалғандарды іздеуге арналған сервис іске қосылды

Террорлық шабуыл кезінде жоғалғандарды іздеуге арналған сервис іске қосылды

 

  • 13 Қаңтар 2022
  • 5
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық BTS Digital IT-компаниясы елдегі террорлық шабуыл салдарынан із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуге арналған арнайы жоба әзірледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Адам жоғалды» арнайы сервисі Aitu super қосымшасында орналастырылған. Адамды іздеуге өтініш қалдыру үшін сервисте жоғалған адам туралы деректерді толтыру қажет. Өтінішті 1414 байланыс орталығы операторларының арнайы тобы қабылдап, кейіннен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу ішкі істер органдарына жібереді.

Өкінішке қарай Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларында болған оқиғалардан кейін хабарсыз кеткен туыстары мен достарын іздестіріп жатқандар туралы ақпарат жиі шыға бастады. Іздеу жұмысын жеңілдету үшін біз Aitu-да «Адам жоғалды» деп аталатын арнайы сервис жасадық. Қиын-қыстау кезде қазақстандықтарға көмектесу үшін технологияны қолданғымыз келеді. Жоғалған азаматтар табылады деген үміттеміз.BTS Digital компаниясының өкілі Нұртай Әбілғалиев

Жоғалған адамға іздеу салу үшін:

  1. AppStore, Google Play және App Gallery, сондай-ақ aitu.io сайтынан Aitu қосымшасын орнатыңыз;

  2. Қосымшаны орнатып, тіркелгеннен кейін «Қосымшалар» бөліміне өтіп, сондағы«Қоғам» бөлімінде «Адам жоғалды» тармағын таңдаңыз;

  3. Қажетті мәліметтерді толтырыңыз: із-түзсіз жоғалған адамның толық аты-жөні, жоғалған қала, байланыс үзілген күні, арнайы белгілер, бар болса фотосуретін жүктеңіз;

  4. Өтініш беруші туралы мәліметтерді толтырыңыз;

  5. Өтінішті қарауға жіберу.

Ақпарат өңделгеннен кейін Өтініш берушіге іздеу нәтижелері туралы ақпарат беріледі.