"Екі бірдей экс-орынбасары ұсталды": Мәсімовке қатысты билікті күшпен басып алу дерегі қаралуда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Екі бірдей экс-орынбасары ұсталды": Мәсімовке қатысты билікті күшпен басып алу дерегі қаралуда

"Екі бірдей экс-орынбасары ұсталды": Мәсімовке қатысты билікті күшпен басып алу дерегі қаралуда

Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарларына қарсы қылмыстық іс қозғалған

  • 13 Қаңтар 2022
  • 174
Фото - Caravan.kz

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазіргі кезде комитеттің бұрынғы төрағасы мемлекетке опасыздық жасау әрекеті бойынша жауапқа тартылып жатыр.

"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды", — делінген ресми хабарламада.


Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

Айта кетері, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.