Қыз болып көрген белгісіз жігіттің хатын Алаш айнасы жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Ол мұны әуелі қыздарды тексеру үшін жазған екен.Осылайша жалған аккаунт ашып, ойын іске асырып көрем деп талай нәрсеге көзі жеткен.
"Осында кей қыздардың "жекеге жазбаңдаршы" деп бұлданып отырғандарын көріп, осылар өтірік айтады-ау, кім жаза берсін жекеге деп ойлаушы едім. Содан тексеріп көргім келіп, фейк аккаунт аштым. Әдемі якут қызының суретін қойдым. Қазақша әдемі ат қойдым. Семейное положение деген жерге вдова дей салдым. Жасы примерно қырыққа жақындап қалған. Бір-екі, адамы көп топқа тіркеліп алдым да, майысып тұрып, еркектерге ұнайтын екі-үш қыртыған посттарды салып жібердім.
Достық келе бастады. Сол күні жиырма шақты адам қабылдадым. Он тоғызы еркек. Аккаунтым сенімді болу үшін өзіме таныс қыз-келіншектерге де достық жіберіп қоям)
Шынымен жекеге жаза бастады шыдамсыз джентельмендер. Біреулеріне жауап беріп, біреулеріне жауап бермей "қинап" қойдым. Қызықтың көкесі ертеңіне болды. Таңертең тұрып қарасам Құдай-ау, сендерге өтірік маған шын 845 еркек достық ұсыныпты. Қырық шақты "сауап алғыш" жекеге жазыпты. Вдовамын ғой енді)) Үлгергенімше назданып жауап жаздым. Күлкіден өліп барам. Біреулері турасынан кетті. Әйелінің өлгенін, ажырасқанын айтып жатыр, бәпше үйленбегендер бар екен. Адресімді, қазіргі күні кездесіп жүрген біреуім бар жоғын нагло сұрап жатқандар да бар. Біреулері қоңырау соғып жатыр мессенджерден. Сөйлесейік, дауысыңды естиік деп қояды. Негізі дауысымды естігісі келіп тұрған жоқ. Шынымен әйел адаммын ба білгісі келіп тұр ғой қулар))
-Ой қайтесіз, бүгін тарифім бітеді, бәрібір сөйлесе алмаймын, айдың аяғында айлық алғанша интернет жоқ енді, -деп төртеуіне жаздым. Мың болғырлар төртеуі де номеріңді айт салып жіберейін деп жатыр) Құрысыын кімнің номерін берем.
-Жоқ рахмет, мен танымайтын адамнан ақша алмаймын, лучше интернетсіз отырам оншақты күн, — деп қоям.)
Сонымен не керек, екі күн шаққа шыдадым. Достық жіберушілер, жекеге жазушылар сағат санап көбейіп барады. Жауап жазып үлгеру мүмкін емес. Ішінде біраз өзім сыйлап жүрген братандарым жүр. Саған не жетпей жүр деп қоям ішімнен)
Үшінші күні вдова аккаунтты жауып, келмеске кетірдім. Алаяқ әйелдерге де ренжігім келмей қалды. Жігіттер, бәріміз болмасақ та біразымыз "оңбаған" екендігімізге көзім жетті.
Өмірде көп нәрсенің жақсы болуы еркекке байланысты ғой. Білем біраз жігіт маған ренжіп, сөгетін шығарсыңдар. Бірақ шындық осы.
Жігіттер, ЕРКЕК деген атқа лайық болайық, ұсақталмайықшы..
Аман болыңдар!",- деп жазған ол.