"Қорыққаннан істедік": Алматыда бүлікшілерге қару таратқандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қорыққаннан істедік": Алматыда бүлікшілерге қару таратқандар ұсталды

"Қорыққаннан істедік": Алматыда бүлікшілерге қару таратқандар ұсталды

 Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға қару таратқандар ұсталды. Олар 19-20 жас аралығындағы жас жігіттер.

  • 20 Қаңтар 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға тарата бастаған. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің жеке басын анықтады.

"Олар қаладағы базарлардың бірінің аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына міндетті түрде тексеретін боламыз", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Айта кетері, бүлікшілерге қару таратып жатқан сәт оқиға куәгерлерінің камерасына түсіп қалған. Кейіннен бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарады.

"Біз қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасадық. Бізді осылай жасауға мәжбүр еткен бір топ адам болды. Сосын біз ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алып алды, автоматтарымен сілкіп тұрды. Мен ақ түсті Lexus көлігін жүргіздім", – деді бірінші күдікті.

Айтуынша, противогаз киген, автомат, пышақпен қаруланған адамдар қаруды тез алып шығуды бұйырған.


"Біз мұны қорыққандықтан істедік, бұл адамдар бізге қысым көрсетті. Автомат асынған адамдардан қалай қорықпайсың?, – деп атап өтті екінші күдікті.

Олар қаланы көлікпен аралап, қару-жарақ дүкеніне барғанын жеткізді.

"Ол кезде дүкенді тонап жатты. Біздің көлікке қару тиеп, алаңға алып баруды бұйырды", – деді үшінші күдікті.

Полиция бұл топтың үйлестірушісінің жеке басын және ұсталғандардың әрекетінің шынайы себебін анықтауға кірісті. Қылмыстық кодекстің бірден бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар