Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
ткен жылы қыркүйек айында туыстары оны бірнеше күн бойы іздеді. Артынан қаланың шетінен жанып кеткен мәйіті табылды.
Сотта күдікті Темірлан Аманғалиев қылмысқа қалай барғанын айтып берді, деп хабарлайды "Мой Город" порталы.
"Анастасия екеуіміз кездейсоқ таныстық. Ол күні мен супермаркетке бардым. Сол жерде көлікке салынған айыппұлдың ақшасын кредитомат арқылы несиеге алуды ойладым. Анастасия да кредит алуға келді", — дейді Аманғалиев.
Ол кредитомат арқылы несие алуды білмеген. Содан қызға өтініш жасап, жеке куәлігін берген.
"Ол ұзақ бір нәрсе істеді де, 28 мың теңге ғана алғанын айтты. Айыппұлға жетпейтін еді. Сосын көбірек ақша шығаруға болатынын айтты. Бірақ ол үшін алған қарызды жабу керек. Оған тағы 20 мың теңге керек болды. Мен досыма хабарласып, ақша сұрадым", — деп атап көрсетті сотталушы.
Аманғалиев ақшаны Анастасия айтқан есепшот нөміріне (әкесінің нөмірі) салып жіберді. Одан кейін екеуі сауда үйінің артында аулаға барды. Ол жерге қыздың ағасы да келді. Екеуі сөйлесіп тұрғанда Аманғалиев кетіп қалды. Ал Анастасияда жеке куәлігінің қалып қойғаны есіне түскенде ұялы телефонына хабарласқан. Ол алдымен шаруам көп деп шықты. Одан кейін есірткі керек екенін айтты.
"Одан кейін мен тағы қоңырау шалдым да, досымда СК ("Скорость" деген есірткі) бар, қазір алып келеді дедім. Үйде балаларға арналған бір дәріні тауып алдым да, соны үгітіп, газетке орадым. Білмей қалып, жеке куәлігімді қайтарып береді деп ойладым. Анастасия келгенде екеуіміз кіреберіске өттік. Мен оған қағазды бердім. Ол ашып, тілімен дәмін көрді. Сосын ашуланып, айқайлай бастады. Мен жеке куәлігімді қайда деп сұрадым. Ол сөмкеде деді. Оны алуға ұмтылғанда айқайлап, мені тырнай бастады. Оны итеріп жібергім келді. Қалай болғанын да білмеймін. Өлтіретін ойым болған жоқ", — деді Аманғалиев.
Күдіктің сөзіне қарағанда, Анастасия басын плитаға соғып, бірден есінен танып қалды. Оған алғашқы көмек көрсетуден нәтиже шықпады.
Осыдан кейін Аманғалиев қыздың мәйітін көрпеге орап, бос тұрған шкафқа салды. Артынан мобильді қосымша арқылы такси шақырып, шкафты Махамбет ауылына апарған. Сол жерде ескі үйі бар. Жаңа үйдің құрылысын да бастап кеткен.
Бірақ біреу шкафты ашып қояды деп қорқып, танысына хабарласты. Оның көлігімен ескі шкафты күл-қоқысқа апарып тастауды өтінген. Алайда тағы үрейленіп, бірден Факе ауылына қарай айдалаға апарып тастады. Біршама уақыттан кейін қайтадан сол жерге ауылдасымен бірге барды.
Мәйтті қапқа салып, Ветелки ауылына қарай апарды. Сосын үстіне бензин құйып, жағып жіберді. Ал куәгерлерге "киікті етін өртеп жатырмын" деп айтқан.
Аманғалиев ұсталғаннан кейін бірден өз кінәсін мойындады. Бірақ тергеу кезінде айтқан сөзінен бірнеше рет айнып, берген куәлігін өзгерткен.
Марқұмның анасы қызының есірткі пайдаланғанын растады. Марқұмның артында кішкентай қызы қалды.
Айта кетері, бас кезінде Темірлан Аманғалиев адам өлтіру фактісі бойынша жауапқа тартылған. Артынан 106-бапқа (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер) ауыстырылды.
Оған сәйкес, 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.