ҚР Тазалық-індет қызметінің мәліметіне жүгінсек, қырым қанды безгегін жұқтыру оқиғалары аталмыш індет бойынша қолайсыз аумақ ретінде тіркелген жерлерден шығып отыр. Атап айтсақ, қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен Жамбыл облысы Сарысу ауданынан үш адам, Мойынқұм ауданынан 1 адам, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданынан 5 адам , Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандарынан 6 адам ауруханаға түскен.
Бүгінде республика бойынша 3 мыңнан астам гектар аумақта кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.