Ердоған Ресей Украинаға шабуыл жасаса Түркияның әрекеті қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ердоған Ресей Украинаға шабуыл жасаса Түркияның әрекеті қандай болатынын айтты

Ердоған Ресей Украинаға шабуыл жасаса Түркияның әрекеті қандай болатынын айтты

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресейдің Украинаға әскери шабуылы жағдайында Анкара НАТО-ға мүшелігі аясында өз міндеттемелерін орындауды жалғастыратынын мәлімдеді.

  • 28 Қаңтар 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазір біз қазіргі дағдарыстың шешімін диалог пен дипломатия арқылы тапқымыз келеді. Ресей мен Украинаны мәселені конструктивпен және байсалдылықпен шешуге шақырамыз. Бірақ Түркия НАТО-ға мүшелік талаптарын орындайды", — деді Ердоған NTV түрік телеарнасының эфирінде. Оның сөздерін EADaily келтіреді.

Алайда ел басшысы Түркия нақты қандай қадамдарға дайын екенін және Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі ретінде Украинадағы жағдайға қатысты қандай міндеттемелері барын айтпады.

Ердоған Түркия басынан бастап Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдағанын атап өтті.

"Біз Ресейдің Украинаның аумақтық тұтастығын, әсіресе Қырымды аннексиялауы жөніндегі қадамдарына қарсы нақты ұстанымда болдық", — деді ол.


Түркия президенті Анкараның екі ел арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мақсатында Ресей басшылары Владимир Путин мен Украина Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін тағы да мәлімдеді.

Екі жақтан да тілек болған кезде Түркия бейбітшілік атмосферасын қалпына келтіруге жол ашу мақсатында Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуін ұйымдастыруға дайын", — деді Түркия басшысы.

Ердоған Ресей "қарулы шабуылға және Украинаны басып алуға" бармайды деген үміті барын мәлімдеді. "Мұндай қадам Ресей мен біздің аймаққа ұтымды болмайды", — деп келтіреді президент сөзін Анадолу.