Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше-мемлекеттердің барлығында да макроэкономикалық көрсеткіштер артып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше-мемлекеттердің барлығында да макроэкономикалық көрсеткіштер артып келеді

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше-мемлекеттердің барлығында да макроэкономикалық көрсеткіштер артып келеді

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше-мемлекеттердің барлығында да макроэкономикалық көрсеткіштер артып келеді, алайда даму қарқыны өткен жылмен салыстырғанда біршама бәсеңдеді. Бұл туралы ЕурАзЭс-тің бас хатшысы Григорий Рапота бүгін Мәскеуде мәлімдеді,- деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

  • 17 Маусым 2003
  • 1083
Фото - Caravan.kz

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бесеуінде де ауылшаруашылығы өнімін өндіру ауқымы ұлғайып, ұлттық валюталардың АҚШ долларына шаққандағы бағамы салыстырмалы түрде тұрақтанды деді ол.

Барша Қоғамдастық елдерінде инфляция қарқыны бәсеңдеп, орташа айлық жалақы мөлшері артты.
2001-жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2002-жылы ЕурАзЭс бойынша Жалпы Ішкі Өнім 4,6 процентке , өнеркәсіп өнімінің мөлшері 4 процентке, ауылшаруашылық өнімі 2 процентке артты. Қоғамдастық елдерінің экономикалық мекемелері биылғы жылы да экономикалық өсу одан әрі жалғасатынын болжап отыр.
Қазіргі басты мақсат- оңды ағымды тұрақтандырып, әр елдегі экономикалық тиімділікті арттыру үшін интеграциялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін мейлінше пайдалану болып табылады деді Г.Рапота.
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа Беларусь,Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері қамтылады. Армения, Молдова және Украина елдері бақылаушы мәртебесіне ие.