Алматыда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің кеңесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің кеңесі өтеді

Алматыда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің кеңесі өтеді

Алматыда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің екінші кеңесі мен әлеуметті хабардар ету мәселесі бойынша семинар өтеді . Бұл шаралар БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) мен Ғаламдық экологиялық қордың (ГЭФ) Қазақстанға арнап биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық құжат жобасын жасау жөніндегі жобалары аясында 27-маусымда өтеді деп жоспарланған.

  • 18 Маусым 2003
  • 581
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне экологиялық жаңалықтар жөніндегі «Greenwomen» агенттігінен мәлім болды.

Аталмыш жоба ҚР қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлігі мен ҚР экономика министрлігі және ЮНЕП/ГЭФ тарапынан қолдау тапты.
Семинар мақсаты — қазақстан жұртшылығын 2003-жылдың қаңтарынан бері жүзеге асырыла бастаған жобамен таныстыру. Семинарға парламентшілер, әртүрлі министрліктер мен мекемелер , ғылыми-зерттеу институттары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық құжат жобасын жасау жобасының жалпы құны 247,7 мың долларды құрайды. Оның 162,7 мыңы ЮНЕП/ГЭФ тарапынан бөлінсе, қалған бөлігін ҚР үкіметі шығарып отыр.