Алматыда Греция, Венгрия, Польша,Литва және Чехия Республикаларын Еуропалық Одаққа біріктіруге қатысты референдумдардың қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Греция, Венгрия, Польша,Литва және Чехия Республикаларын Еуропалық Одаққа біріктіруге қатысты референдумдардың қорытындысы шығарылды

Алматыда Греция, Венгрия, Польша,Литва және Чехия Республикаларын Еуропалық Одаққа біріктіруге қатысты референдумдардың қорытындысы шығарылды

Бүгін, 18-маусымда Алматыда Греция, Венгрия, Польша, Литва және Чехия Республикаларын Еуропалық Одаққа біріктіруге қатысты референдумдардың қорытындысы шығарылды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Маусым 2003
  • 806
Фото - Caravan.kz

Еуропадағы интеграциялану процессі ХХ -ғасырдың 50-ші жылдары басталғаны белгілі. 1951-жылы Парижде Еуропалық Көмір және Болат Бірлестігін құру туралы келісімге қол қойылды. Ал 1957-жылы бұл бірлестікке мүше Франция, Германия, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембург мемлекеттері Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығын құру туралы Рим келісіміне қол қойды. Бүгінде Еуропалық Одаққа 15 мемлекет қамтылады, ал 2004-жылдың 1-мамырынан бастап Одаққа тағы да 10 ел бірігеді деп күтілуде (Чехия, Словакия, Венгрия, Польша, Словения, Кипр, Мальта, Литва, Латвия, Эстония).

Қазақстанда аккредитацияланған Греция, Венгрия, Польша, Литва және Чехия елшілерінің айтуынша, бұл елдер үшін Еуропалық Одаққа интеграциялану құбылысының кезекті сатысы — Одақтың сыртқы шекарасын бақылау жөніндегі Шенген режиміне бірігу және Қоғамдастықтың ортақ валютасы-евроны айналымға енгізу болып табылады.
Венгрия Республикасының Қазақстандағы елшісі Миклош Яцковичтің айтуынша, «шенген аймағына бірігу процессі шамамен 2007-2008-жылдары аяқталады. Соның нәтижесінде Қазақстан азаматтары да шенген визасын еркін алу құқығына ие болмақ. Неге десеңіз, 2004-жылдың 1-мамырынан бастап Қазақстанның Венгриямен ынтымақтастығы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты білдіретін болады»,- деді елші.