Вирусолог омикроннан кейінгі коронавирустың әсерін болжады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вирусолог омикроннан кейінгі коронавирустың әсерін болжады

Вирусолог омикроннан кейінгі коронавирустың әсерін болжады

Вирусолог Петр Чумаков Sputnik радиосына берген сұхбатында омикрон штамы пайда болғанға дейінгі және одан кейінгі COVID-19-дың әсерін сипаттады.

  • 7 Ақпан 2022
  • 851
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, коронавирустың Уханда табылған штамы жетілмеген және негізінен егде жастағы адамдарға әсер етті, бірақ мутация нәтижесінде SARS-CoV-2 адам популяциясына бейімделді және қазір таралу ауққымы әлдеқайда дамыған. Чумаков вирус эволюциясының негізгі бағыты "қамтудың кеңеюі" болды деп есептейді, нәтижесінде вирус кез келген жастағы адамдар арасында тарайтын болған.

Коронавирустың дамуы омикронның пайда болуына әкелді: бұл штамның жұқпалы болғаны сонша, ол жастардың, тіпті балалардың иммунитетін "бұза" алады, деді вирусолог.

"Бұл вирустың адам популяциясына бейімделу салдары", — деді Чумаков.


Ғалымның пікірінше, SARS-CoV-2 эволюциясы осы бағытта жалғасады. COVID-19 қоздырғышы одан да жұқпалы болуы мүмкін, бірақ сонымен қатар адамдарға айтарлықтай зиян келтіру қабілетін жоғалтады, деді ол.

"Коронавирус эволюциясын жалғастырып жатыр. Бұл үдеріс барысында ол патогенділігін (инфекция жұқтырған ағзаға ауыр зиян келтіру қабілетін) жоғалтады. Сонымен қатар, оның жұқпалығы қазір артып келеді және одан әрі артуы мүмкін", — деді Чумаков.