"Дикий Арманның" тобы 24 адамды ұрлап кетіп, мәжбүрлеп ұстаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дикий Арманның" тобы 24 адамды ұрлап кетіп, мәжбүрлеп ұстаған

"Дикий Арманның" тобы 24 адамды ұрлап кетіп, мәжбүрлеп ұстаған

"Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.

  • 8 Ақпан 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Арнайы прокурорлар қызметі басшысының айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды, 21 адамның адам өлтіру, ұрлық, тонау бойынша соттылығы бар.

"Олардың арасында "Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның тобының мүшелері бар. Мен бұл айыпталушыға жеке тоқталамын.

Оның қарулы адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстады. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соғып, нәтижесінде бір адам қаза тапты. Сонымен қатар, қарақшылар бұған дейін 12-ші қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен", — деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.


"Әлеуметтік желілерде Жұмагелдиев босатылды немесе белгісіз жаққа жеткізілді деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таралып жатыр. Іс қосымша тергеу үшін арнайы прокурорларға жіберілді. Біз оны ҰҚК уақытша ұстау изоляторына ауыстырдық. Ол сонда қамауда отыр", — деп қосты Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы.