Петропавлда шенеунік жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін пәтерді ақшаға сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда шенеунік жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін пәтерді ақшаға сатқан

Петропавлда шенеунік жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін пәтерді ақшаға сатқан

Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры жетім балалар, мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасылардан ақша алып, жалға берілетін тұрғын үй алуға көмектескен.

  • 8 Ақпан 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Алайда мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлмелер тегін берілуі тиіс еді, деп хабарлайды"Астана" арнасына сілтеме жасапStan.kz ақпарат агенттігі.

Шенеунік сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның орталықта жұмыс істемеген екі серіктесі жеті жылға сотталды.

Белгілі болғандай, жүздеген қала тұрғыны кезекте тұрған. Бес жылға пәтер алу үшін олар жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасу және банк арқылы тұрғын үй шотын ашу қажет болған. Іс материалдарынан белгілісі, директор өзінің серіктестері арқылы жалға берілетін тұрғын үй алу үшін құжаттар тізімін ұсынған және сол арқылы "қызмет" құнын белгілеп отырған. Тергеуде 10 рет пара алынғаны, бұл 5 миллион теңге көлеміндегі қаражатты құрағаны айтылды.

"Бір пәтер үшін 500 мыңнан 600 мың теңгеге дейін алған. Тиісінше, процесті жылдамдақысы келген адамдар қылмысқа қатысы барларға пара берген. Ал олар ақшаны жұмыспен қамту орталығының директорына берді. Директор тиісті органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына шектелді және 8 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина.