Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жасырынған қару-жарақтар "Заң және тәртіп" операциясы аясында табылды. Арнайы үйретілген ит телемұнара жанындағы ағаштардың арасынан екі тегіс ұңғылы мылтық тапты.
Қарудың қайдан шыққаны мен иесін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
"Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатта пайдаланылған болуы мүмкін", — дейді Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.
Заңсыз қаруы бар азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға рұқсат етіледі, егер осыдан кейін қылмысқа қатысы анықталмаса, ол азамат жазаға тартылмайды.